Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында үздік отбасылық қарым-қатынас клубы анықталды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында үздік отбасылық қарым-қатынас клубы анықталды

Отбасы – баланың дамуы мен қалыптасуындағы маңызды буын. Облыстың білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы барлық тараптардың: отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамның кең түрде қатысуымен кешенді түрде жүргізіледі. «Отбасы – мектеп» тәрбие жобасында жалпыұлттық құндылықтарды іске асыру отбасы мен мектептің сындарлы ынтымақтастығы мен өзара қарым-қатынасына бағытталған.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Ақмола облысының білім беру мекемелері арасында «Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы» облыстық сырттай конкурсы өтті. Аталған іс-шараға 17 аудандық (қалалық) білім бөлімдерінен аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Конкурс екі турдан тұрды: отбасылық клуб қызметінің презентациясы бар портфолио; отбасылық құндылықтар, шығармашылық конкурстар мен көрмелер туралы бейнеролик.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
1 орын – Жақсы ауданы, А. Әбдірахманов атындағы орта мектебінің «Нұршуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы;
2 орын – Ерейментау ауданы, Еркіншілік орта мектебінің «Күншуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы;
2 орын – Көкшетау қаласы, №6 мектеп-лицейінің «Радость общения» отбасылық қарым-қатынас клубы;
3 орын – Атбасар ауданы, Шу орта мектебінің «Ұрпақ» отбасылық қарым-қатынас клубы;
3 орын – Аршалы ауданы, Ж. Тәшенов атындағы орта мектебінің «Мерейлі отбасы» отбасылық қарым-қатынас клубы;
3 орын – Сандықтау ауданы, Приозерное а. орта мектебінің «Біз біргеміз» отбасылық қарым-қатынас клубы.

«Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы» облыстық қашықтық конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз және отбасы құндылықтарын нығайту бойынша ата-аналар қауымдастығымен жұмыста шығармашылық табыстар тілейміз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар