Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Картоп дақылын жинап алуда - АРҚА АЖАРЫ

Картоп дақылын жинап алуда

Облыс орталығының іргесіндегі Краснояр селосында орналасқан «Агротреид Көкше» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылдан бері бағалы дақыл – картоп және көкөніс өсірумен айналысып келеді.

Шаруашылықтың Зеренді ауданына қарасты Садовый селосында да базасы бар. Жыл сайын мол өнім алатын шаруашылық биыл да 300 гектар алқапқа картоп, 30 гектарға сәбіз отырғызды. Оның өндірісі үшін компания картоп пен көкөніс өсірудің қазіргі заманғы голландық технологиясын пайдаланады. Серіктестік директоры орынбасарының айтуынша, өнім алқаптары америкалық «Валей» фирмасының қондырғысымен суарылады.
– «Гала», «Пикассо», «Вега», «Сорая» тәрізді тұқымды Германия мен Голландиядан сатып аламыз. Өндірілген өнім Краснояр мен Садовый селосындағы голландтық технология бойынша салынған қазіргі заманғы көкөніс қоймасында сақталады. Картоп пен сәбіз жергілікті рынокта және «Рамстор», «Магнум» тәрізді ірі сауда орнында сатылады. Сауданың бұл түрі картоп пен сәбіз бағасын өсірмеуге ықпал етуде. Компания үшін өсімдік шаруашылығын субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау маңызды болып отыр. Сатып алынған тұқым, минеральдық тыңайтқыш пен агрохимия үшін субсидия алдық,–деген серіктестік директорының орынбасары Қайрат Жандаев өнімді қазып алу жұмысы 10 қыркүйекте басталғанын, бүгінгі таңда барлық өнімнің 45 пайызы жиналғанын алға тартты.
Бұдан кейін біз картоп пен сәбіз алқабының басында болдық. Серіктестік агрономы Дәулет Жүсіповтың айтуынша, гектарынан 20-25 тонна картоп алынуда. Мұнда төрт шетелдік комбайн жұмыс істеп жүр. Комбайншылар Владимир Червяков, Жомарт Кенжебаев, Еркен Бекжанов, Мүсіреп Есмұханов және олардың төрт көмекшісі өздерінің күндік нормаларын асыра орындауда.
– Құрғақ күндері комбайндар сынған жоқ. Картопты ашық күндері алуға тырысамыз. Төрт комбайн күніне 20 гектардың картобын жинайды. Осы механзаторлар картоп отырғызу, оны күту, жинау жұмысын жүргізеді. Алқапқа «Амафос», «Силитра», «Борплюс», «Плантафол» минеральдық тыңайтқышын енгіземіз, суарамыз, топырақ гербициді арқылы арамшөппен, фунгицид арқылы өнім ауруымен күресеміз, картоп піскенде сабағын шабамыз. Картоп қоймасында жүз шақты адам жұмыс істейді,–дейді агроном.
Біз картоп пен көкөністің бағасын тұрақтандыруда өз үлесін қосып жүрген еңбек адамдарының жұмысына көңіліміз толып, кейін қайттық.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар