Мәскеуде әскери қызметшілер арасында бокстан әлем чемпионаты болып өтті.
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда жерлесіміз Теміртас Жүсіпов бразилиялық Леандерсон Консейсаомен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске ие болды. Алтын медальдан басқа, турнир ұйымдастырушылары Теміртасты чемпиондық белбеумен де марапаттады.
Жарысқа 36 мемлекеттен барлығы 231 боксшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 3 алтын медальмен жүлделі екінші орыннан көрінді. Рингте ептілігі және шымырлылығымен танылып, қазақстандық боксшылардың осы табысына елеулі үлес қосқан жерлесімізді әлем чемпионы атануымен құттықтап, шаршы алаңда жаңа жеңістер тілейміз!
«Арқа ажарының» өз ақпараты.