Ақкөл ауданының Мало-Александровка ауылдық клубында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік — халық мақтанышы» тақырыбында кітап көрмесі өтті.
«Туған жер» кіші бағдарламасының «Атамекен» базалық бағыты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған көрмеге мұғалімдер, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары шақырылды.
«Көрмені өткізудің мақсаты келешек жастардың бойында патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, елдің тарихи, өткені мен жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімінде тәрбиелеу. Оқушылар ел Тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы кітаптармен танысты.
Көрме аясында олар Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы туралы білгендерін айтты. Мұның бәрі оқушылардың ой — өрісін кеңейтуге, өзінің және өз елінің тағдыры үшін жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді», — деп түсіндірді ауылдық мәдениет үйінің жетекшісі Наталья Шейкина.