Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Валюта бағамдары мен базалық мөлшерлеме бойынша электрондық анықтамаларды беру қызметін іске қосу туралы - АРҚА АЖАРЫ

Валюта бағамдары мен базалық мөлшерлеме бойынша электрондық анықтамаларды беру қызметін іске қосу туралы

2021 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) валюта бағамдары мен базалық мөлшерлеме бойынша электрондық анықтамалар беру қызметін пилоттық режимде іске қосты. Жүйе мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға арналған. Ол қызметті ҚҰБ веб-порталының «Электрондық анықтамалар» бөлімінен табуға болады.
Сервис статистикалық деректерді ұсыну процесін жеңілдетіп, электрондық анықтамаларды алу мерзімін айтарлықтай қысқартады. Егер осыған дейін қағаз жүзіндегі ақпаратты алу үшін орта есеппен 2-ден 5 жұмыс күніне дейін уақыт кетсе, жаңа жүйе қажетті анықтаманы сол мезетте ұсына алады.
Жаңа сервистің көмегімен пайдаланушылар келесі мәліметтерді ала алады:
— таңдалған күнге немесе кезеңге ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты күнделікті ресми бағамы бойынша анықтама;
— ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамы бойынша бір айдағы орташа анықтамасы;
— таңдалған күнге немесе кезеңге ҚҰБ базалық мөлшерлемесінің (қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің) көлемі туралы анықтама;
— белгілі бір күнге белгіленген шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы ақпараттық хабарлама.
Электрондық анықтамаларды алу үшін веб-порталда тіркелу міндетті емес, олардың түпнұсқаға сәйкестігі құжаттағы QR-кодпен расталады.
Сервис статистикалық ақпаратты алудың қосымша әдісі екенін ескерген жөн. Жеке және заңды тұлғалар бұрынғыдай заңнамамен белгіленген мерзімде қағаз жүзінде анықтама алу үшін ҚҰБ-қа жүгінуге құқылы.
Электрондық анықтамаларды беру кезінде валюта бағамдары бойынша ақпарат 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҰБ-тың оларға қатысты теңгенің ресми бағамын белгілейтін шетел валюталары бойынша күн сайынғы және ай сайынғы негізде қолжетімді. Базалық мөлшерлеменің көлемі туралы деректер 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап беріліп келеді.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар