Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлы дала рухы» ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық фестивальдің финалдық кезеңі өтті. Тартысты өткен жарыста жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетті.
«Ақмола облысының құрама командасы асық атудан екінші орын алды. Команда құрамында Испол Айтуар, Еркебай Сәрсеков, Сайлаубек Тәшімов, Думан Көгершін және Аружан Ерханова болды», – деді ведомстводан.
Ақмолалық балалар өңірдің аға бапкерлері Самат Әукенов, Алмат Бейсембаев, Шайхан Амантай және Семейхан Ерболаттың жетекшілігімен жаттығады.