Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Қарағанды қаласында Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарыста Ақмола облыстық №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі жалпы командалық есепте 32 команданың арасынан бесінші орынға ие болды.
Қыздар арасында 4х100 эстафетада ақмолалықтар екінші орын алды. Команда сапында Кристина Миньковская, Анастасия Кононович, Татьяна Но және Мария Алексеенко болды.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында командалық 4х100 эстафетада Егор Воеводин, Вадим Карнаухов, Александр Жигарь және Әлішер Серікбаев күміс жүлдегер атанды.
Жасөспірімдер арасында жекелей 100 метр қашықтыққа жүгіруде Вадим Карнаухов екінші, Әлішер Серікбаев биіктікке секіруден үшін орынан көрінді.