Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтарды қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтарды қабылдады

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдауға алғашқы болып кірген Көкшетау қаласының тұрғыны Индира Нұрмағанбетова «Жетімдер» санатындағы пәтерге кезекте тұрған, үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Оны 2019 жылы қала әкімдігі жалдамалы түрде уақытша тұрғын үймен қамтамасыз еткен.

Бірақ, ол онда тұрмайды, өйткені, қажетті құжаттар дайын емес екен. Соған қарамастан, өңір басшысы Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайсаға мүмкіндігінше көмек көрсетуін тапсырды. Өз кезегінде ол: бұл мәселе жақын арада шешілетініне сендірді және заңды рәсімдерді сақтау қажет екенін де естен шығармады.
Қабылдау барысында Зеренді ауданы, Қанай би ауылының бастамашыл тобы атынан келген Ерак Әубәкіров ауыл аумағында қаза болған отандастарына мемориалдық тақта тұрғызуға көмек сұрап өтініш білдірді. Енді белсенділер бір уақытта майдангерлер мен құрылысқа қаражат туралы ақпарат жинап жатыр. Жиналған сома жеткіліксіз, дегенмен ақсақалдың айтуынша, бұл идея көп қаржыны қажет етпейді, бірақ мұндай қаржы аудандық бюджетте қарастырылмаған. Жалпы, идеяның сөзсіз жақсы екеніне демеуші де үміт артатын шығар.
Сондай-ақ, жуырда облыстық ауруханаға жатып ем қабылдап шыққан еңбек ардагері, зейнеткер Ашот Мурзин ондағы кадр тапшылығына алаңдаулы екенін қинала жеткізді. Өз кезігінде, өңір басшысы Ермек Маржықпаев:
– Мәселе шынымен де өзекті, бірақ, соңғы жылдары мамандарды өңірге тарту тиімді түрде шешіліп келеді, бұл үшін біздің таңдаулы университеттеріміздің бірінде медициналық факультет ашылды. Сөйтіп, төлемді алып тастау түріндегі жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларынан басқа, дәрігерлерге жалға берілетін тұрғын үй де қарастырылды, – деп атап көрсетті.
Сонымен қатар, «Бурабай» республикалық оңалту орталығының директоры Саттар Әбдіғұлов облыс әкімімен денсаулық сақтау және туризм саласындағы бірлескен ынтымақтастықтың мүмкіндігін талқылады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Камиля АХМЕТ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар