Талантты жастарды қолдау, жұмысшы мамандықтарды және ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін танымал ету мақсатында 2021 жылғы 21 қыркүйек пен 1 қазан аралығында «Ең үздік 100 студент» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурстың қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» конкурсының республикалық кезеңіне қатысу үшін 10 көшбасшы анықталды:
1. Губайдулин Алмас, Есіл қаласындағы агротехникалық колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 3-курс студенті;
2. Рамазан Лана, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Музыка» мамандығы бойынша 3-курс студенті;
3. Әлкенов Дәнекер, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Информатика» мамандығы бойынша 3-курс студенті;
4.Теплинский Максим, Чаглинка а. жоғары агротехника колледжінің «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша 4-курс студенті;
5. Қайратова Әмина, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ жанындағы көп бейінді колледжінің «Негізгі орта білім» мамандығы бойынша 3-курс студенті;
6. Нұрмағамбетова Нұрсұлу, Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша 4-курс студенті;
7. Жайлауов Руслан, Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау аспаптары және автоматикасы» мамандығы бойынша 4-курс студенті;
8. Сағынаева Дана, Көкшетау қаласы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы» мамандығы бойынша 4-курс студенті;
9. Болд Жангүл, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 4-курс студенті;
10. Демьянив Роман, Краснояр агротехникалық колледжінің «Ауыл шаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша 3-курс студенті.