Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысы қатаң бақылауда - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысы қатаң бақылауда

Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі өзінің бар міндеттерінен басқа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында көзделген мемлекеттік қызметшінің құқықтарын, бостандықтарын да қамтиды. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін, денсаулығын қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.
Айта кету керек, демалыс уақыты — бұл қызметкер еңбек міндеттерін орындаудан босатылған және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыт.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар ғимараттарды (үй-жайларды) қызметшілердің кіру және шығу уақыттарын тіркеуді жүзеге асыратын бақылау жүйесімен жабдықтау бойынша шаралар қабылдауда.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қолжетімділікті бақылау жүйесі деректерін түсіру мониторингі бойынша жұмыс, сондай-ақ күн тәртібін сақтау бойынша алдын алу іс-шараларын іске асырады.
Жұмыс берушінің жұмыс уақыты мен күнделікті жұмыстың қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет.
Кезек күттірмейтін, күні бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тартылуы мүмкін.
Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысы мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтеледі.
Бұдан басқа, 2021 жылғы 27 қыркүйекте Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы мен Департамент арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, оның шеңберінде қызметшілерді үстеме жұмысқа және демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту фактілері туралы мәліметтер тексеру жүргізу және мемлекеттік органдардың басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау үшін Басқармаға жіберілетін болады.
Бірінші кезекте әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметшілердің үстеме жұмысы фактілерін болдырмауға және олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізудегі рөлін атап өту қажет.
Мемлекеттік органдардың басшылары еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайлар жасауға, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға бағытталған шаралар қабылдауға тиіс екенін атап өткен жөн.

Ануар ОМАРОВ,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар