Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, ЖЕЭК отырысы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17:00-де «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтанда өткен «Париж келісімі мен Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы мақсаттарына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда мемлекет басшыларының Жоғары еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында экономикалық одақтың климат туралы мәлімдеме қабылдауы жоспарланғанын айтты.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Президент ертең, 15 қазан күні онлайн форматта өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл халықаралық жиын да Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Дереккөз: www.inform.kz