Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пандемияны еңсеру үшін фармацевтика саласында бірлескен жоба қажет – Президент - АРҚА АЖАРЫ

Пандемияны еңсеру үшін фармацевтика саласында бірлескен жоба қажет – Президент

Еуразиялық экономикалық одақ елдері пандемияны еңсеру үшін фармацевтика саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруы қажет. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемиямен күрестегі айтарлықтай табыстарға қарамастан елдер әлі де күрделі жағдайда тұр. Коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуына және азаматтардың вакцинациялануының жеткіліксіздігіне байланысты айтарлықтай тәуекел сақталып отыр. Өздеріңізде білетіндей, Қазақстан Ресей Федерациясымен қатар өзінің QazVac вакцинасын әзірлей алды. Ол қазіргі уақытта Қазақстанда белсенді түрде қолданылып жатыр. Бүгінде оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу процесі жүріп жатыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті пандемия кезінде Қарағанды қаласындағы зауытта Ресейдің «Спутник V» вакцинасын өндіру жобасын интеграциялық ынтымақтастықтың ерекше үлгісі деп санайтындығын баса айтты.

«Мұнан ары да пандемияны табысты еңсеру үшін күш-жігерімізді біріктіріп, ғылым мен фармацевтика саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, қажеттілік туындаған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық режим орнату іс-әрекеттерін үйлестіру керек», — деді Мемлекет басшысы

https://www.coronavirus2020.kz/kz/pandemiyany-enseru-ushin-farmacevtika-salasynda-birlesken-zhoba-kazhet-prezident_a3849096

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар