Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шағын наубайхананың тынымсыз жандары - АРҚА АЖАРЫ

Шағын наубайхананың тынымсыз жандары

Жеке кәсіпкер Орал Смағұлов алғашында сауда-саттықпен айналысқан екен. 2013 жылы «Достық» дүкенін сатып алып, кейін наубайхана ғимаратын салды. Бүгінгі күні бұл кәсіпорын көкшеліктерді ыстық нанмен қамтамасыз етіп отыр. Сапалы ұнды кәсіпорын «Грант» диірменінен сатып алады. 7-8 тонна ұн бір апталық жұмысқа жететін көрінеді.

Бүгінгі таңда сапалы ұнның келісі 146 теңгеден сатылатыны белгілі. Ал, бір бөлке нанға сатып алынатын шикізат шығыны 89 теңгені құрайды. Жеке кәсіпкер Орал Смағұловтың атуынша, өнімнің өзіндік құны артып, кірісі азайған екен.
– Қондырғыларды несие арқылы сатып алдық. Күні-түні жұмыс істейміз. Екі ауысымдық мезгілмен 7 наубайшы нан пісіреді. Күндіз үш адам, түнгі ауысымда төрт адам еңбек етеді, – дейді кәсіпкер Орал Смағұлов.
Кәсіпорында негізінен, бірінші сұрыпты «Достық», «Бородинский» наны, «Ромашка» тоқашы пісіріледі. Наубайшылар дүкендердің тапсырысы бойынша жұмыс істейді. Сондықтан болар, мұнда нанның ысырабы жоқ. Нан облыс орталығындағы ескі ет комбинаты, Жайлау, Васильковка шағын аудандарында, автоқалашық пен О.Қуанышев көшесі бойында орналасқан дүкендерге тасымалданады. Сондай-ақ, орталық базардағы «Рубин», «Азия», «Алтын Пласт» дүкендерін нанмен қамтамасыз етеді. Кәсіпкер білім мен денсаулық сақтау салалары мекемелерінің тендеріне қатысып, мектепке, балабақшаға және ауруханаға нан тасымалдайды. Қаланың үш бағытында үш «Газель» автокөлігі жұмыс істейді.
Элмира Жапарова мұнда 2014 жылдан бері әкімші, бухгалтер, өндіріс меңгерушісі қызметін бірге атқарады. Ол өз сөзінде күндізгі сағат 15.00-ден бастап дүкендерден тапсырыс қабылдайтынын айтты.
–Тапсырыстағы нанды санап, күндіз қанша, түнде неше нан пісіретінімізді жоспарлаймыз. Жүргізушілер таңғы сағат жетіден бастап жұмыс істейді. Қолдарына дүкендердің тізімі беріледі. Олар сағат сегізде дүкендерге нан тасымалдауға шығады. Еңбеккерлер әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілген. Арнайы жұмыс киімі, күніне бір бөлке нан тегін беріледі. Наубайшылар Әсел Жабағина, Александра Сацук, Сәуле Хикметова, Әсел Жиенбекова, жүргізушілер Марат Жаркенов, Петр Калинин, қамыр илеуші Серік Шаймұқанов өз жұмысын абыроймен атқаруда. Әсел Жиенбекова наубайхана ашылғаннан бері жұмыс істейді. Нанның қымбаттауы ұнның, шикізаттың және электр қуатының бағасына тікелей байланысты. Электр қуаты өткен айда 22 пайызға қымбаттады. Кейін тағы 1 теңге қосылды. Газельдердің бәрі газбен жүреді. Бір литр газдың құны 105 теңгені құрап отыр. Қара бидай ұнын Петропавлдан сатып аламыз. Ондағылар Ресейден тасымалдайды. Қамыр илейтін қондырғы Италияда жасалған. Осы қондырғыға бір қап ұн саламыз. Ашытқы қосылып, су құйылады. Қондырғыны бес минут ақырын, суы сіңгеннен кейін жылдам айналдырамыз. Қамыр үстелдің үстіне түсіріліп, 600 грамнан кесіледі. Шикізат қалыпқа салынғаннан кейін жылы шкафта тұрып көтеріледі. Кейін қамыр қалпы тиелген арбалар үш швед пешіне кіргізіледі. Арба айналып тұрады. Нан 40 минут ішінде піскенде дабыл қағылады. Бір қап ұннан 135 бөлке нан пісіріледі,–деді Элмира Жапарова бізбен әңгімесінде. Біз нан пісіретін цехта наубайшы Әсел Жабағинамен жүздесіп, әңгімеге тарттық.
–Бұл ұжымда 6 жыл жұмыс істеймін. Алғашында дүкенші болдым. Былтырғы жылы наубайханаға ауыстым. Алғашында нан пісіруді білмедім. Қарашаш Смағұлова мен тәжірибелі наубайшылардан нан пісірудің қыры мен сырын үйрендім. Жұмысым өзіме ұнайды. Нан пісіру көңіл-күйге көп байланысты. Дұрыс көңіл қойсаң, нан да жақсы піседі. Ол үшін жұмысқа келгенде өз проблемаларыңды ұмыту қажет,–дейді ол. Әр жұмыстың туындайтын өз мәселесі бар. Мәселен, санитарлық-эпидемиологиялық станцияның талабы бойынша әрбір бөлке нан арнайы пакетке салынуы керек. Бұл талап нанның сапасына кері әсерін тигізіп отырған көрінеді.
–Пештен шыққан ыстық нанды суыту керек. Автокөліктер ертемен дүкендерге шыққандықтан, түнде пісірілген нан толық суып үлгермейді. Ал, нан түске дейін дүкен сөрелерінде болуы қажет. Осы кезде нан бөлкесіндегі ылғал шығып үлгермейді. Бүлкілдеп тұрған жаңа нан ескі нан тәрізді көрінеді. Бұл жағдай тұтынушылардың көңілінен шықпайды. Сатушылар да сапасыз нанды неге әкелдіңіздер деп ренжиді. Бұл жөнінде санитарлық-эидемиологиялық станцияның басшыларына айттық. Бұған олар көңіл аудармай отыр. Сондай-ақ, таңғы сағат бесте ешкімнің нанды пакетке салуға зауқы жоқ. Бұл жұмысты отбасымызбен бірге атқарамыз. Пакетке салған нанның сапасы бұзылады,–дейді жеке кәсіпкер Орал Смағұлов. «Достық» дүкенінің іргесінен 2016-2018 жылдары қосымша наубайхана, кондитерлік цех салынған екен. Кейінгісі әзірше жұмыс істемейді. Цехқа қажетті қондырғылар сатып алыныпты. Пандемияға байланысты «Достық» мейрамханасы бір жарым жылдай жұмысын тоқтатқан екен. Наубайханада оннан астам адам жұмыс істейді. Бұл бизнеске жеке кәсіпкердің балалары, келіні тартылыпты. Яғни, бұл отбасылық бизнес одан әрі дамиды деген сөз.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерде: Жеке кәсіпкер Орал Смағұлов және нан пісіруші Әсел Жабағина.
Суреттерді түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар