Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда ғана өндірілген вакциналарды тегін егуді қарастырып жатырмыз - министр - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанда ғана өндірілген вакциналарды тегін егуді қарастырып жатырмыз — министр

Келер жылдан бастап Қазақстанда COVID-19-ға қарсы отандық вакциналар ғана егілуі мүмкін бе? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің пайымымыз бойынша, Қазақстанның өзге елдерге қарайламай, тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген өз вакцинасын шығара алатын мүмкіндігі бар болғандықтан, отандық екпені ғана кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алуға болады. Оның өзінде қалған вакциналар тұмау сияқты аурулардың екпесі секілді коммерциялық айналымға жіберіледі. Біз қазір өндіруші компанияларды нарыққа кіріп, қызметін ұсынуға үгіттеп жатырмыз», — деді министр.

Ведомство басшысы Қазақстанда тіркелген вакциналарды шектеу жоспарланбағанын айта келіп, бұл шетелдік вакцина түрлерін азаматтар өз қаражаты есебінен ғана қолданатынын түсіндірді.

«Яғни, Спутник V және QazVac вакцинасынан басқа екпелерді қосымша, ақылы негізде салдыруға болады. Қазір фармкомпаниялар бұл мәселені пысықтап жатыр», — деді Алексей Цой.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/kazakstanda-gana-ondirilgen-vakcinalardy-tegin-egudi-karastyryp-zhatyrmyz-ministr_a3849678

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар