Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл Ақкөл ауданында жұмыс істейтін үшінші өрт сөндіру бекеті.
«Өрт сөндіру бекеті Азат ауылы мен жақын орналасқан елді мекендерді, сондай-ақ орманды дала алқаптарын өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді. Өрт сөндіру бекеті тәулік бойы жұмыс істейтін. Онда алты адам ауысыммен қызмет етеді», – деп атап өтті ведомстводан.
«Алтын Жер Астана 2020» шаруа қожалығының аумағында орналасқан өрт сөндіру бекеті өр сөндіру көлігі, жылытылатын гаражмен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жүргізілген, жатын және тамақтану бөлмелері бар.