Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный қаласында балалар, кадеттер және жасөспірімдер арасында таеквондодан WT ашық республикалық турнир өтті.
Ақмола облысының атынан Щучинск және Көкшетау қалаларының спортшылары өнер көрсетті.
Жасөспірімдер арасында Серік Айзат (49 кг), кадеттер арасында Қонысбай Әли (37 кг) және балалар арасында Кенжебай Дәнекер (32 кг), Әбдірахман Диляра (24 кг) күміс жүлдегерлер атанды.
Кадеттер арасында Болат Мәрлен (57 кг), ал балалар арасында Кәмил Алмаев (32 кг), Арнұр Қаскенов (32 кг) және Даниял Қаскенов (30 кг) қола медальге ие болды.
Ақмолалықтар Ермат Урманов пен Ғалымжан Мырзагелдиннің басшылығымен жаттығады.