Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүкті әйелдер үшін коронавирустың салдары қандай - АРҚА АЖАРЫ

Жүкті әйелдер үшін коронавирустың салдары қандай

Көптеген елде, соның ішінде Қазақстанда да, жүкті әйелдерге коронавирус жұқтырмау үшін қатаң оқшаулау режимі ұсынылады. Алайда елімізде болашақ аналар арасында ауру тіркеліп жатыр.

Алматы қалалық №2 перзентхананың бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева ҚазАқпарат тілшісіне COVID-19 әйелдің денсаулығы мен жүктілігіне қалай әсер ететіні туралы айтып берді. Дәрігердің айтуынша, коронавирус инфекциясы өте күрделі және көптеген қиындығы бар ауру.

«Жүкті әйелдер, барлық адамдар сияқты, коронавирус жұқтыруы мүмкін. Көп жағдайда бұл инфекция анағұрлым ауыр өтеді. COVID-19 өкпеге әсер етеді, мидың гипоксиялық жағдайы дамиды. Қанның ұйып, асқынады. Жүкті әйелдер үшін инфекция айтарлықтай қауіпті, жатырдағы нәрестеге де әсер етуі мүмкін»,- дейді дәрігер.

Сонымен қатар, ол егер жөтел пайда болып, дене қызуы көтерілсе бірден дәрігерге қаралу керектігін баса айтты. «Аурудың жиі кездесетін клиникалық көріністері — дене қызуының көтерілуі, жөтел, бұлшықеттердің ауыруы, әлсіздік, құсу, жүрек айнуы. Бұған қоса, шаршау, диарея, ентігу және тамақ ауруы жиі кездеседі. Аурудың клиникалық көрінісі ЖРВИ-ге ұқсас. Егер осындай белгілер пайда болса, бірден жедел жәрдем шақырып, дәрігерге қаралу қажет»,- дейді Назгүл Иманғалиева. Спикердің сөзінше, жүкті әйелдер барлық сақтық шараларын қатаң сақтаулары тиіс.

«Аурудың алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау керек. Атап айтар болсам, қолды жиі-жиі сабынмен жуу қажет. Масканы үнемі тағып жүрген абзал. Адам көп шоғырланатын жерлерден аулақ болып, бұқаралық шаралардан бас тарту қажет. Жүкті әйелдер вирустан әзірге тек осылай ғана қорғана алады. Себебі, бізде аяғы ауыр келіншектерге вакцина салынбайды»,-деп қортындылады сөзін Алматы қалалық № 2 перзентхана бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/zhukti-ayelder-ushin-koronavirustyn-saldary-kanday_a3851690

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар