Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметті таңдаған жастардың қатары көбейіп отыр - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметті таңдаған жастардың қатары көбейіп отыр

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі – азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқылығы. Заңнамамен көзделген, сондай-ақ, тағайындау немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурстық іріктеу азаматтардың заңмен бекітілген талаптарға сәйкестігін анықтауға, олардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалауға бағытталған.

Қазіргі уақытта конкурстық іріктеудің әрбір кезеңінің әділ әрі ашық өтуі қамтамасыз етілген. Бұл ашықтық іріктеудің бірінші кезеңі тестілеуден басталады. Тестілеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін оны тапсыру залында үздіксіз бейнебақылау жүргізіледі. Әрбір компьютер тестілеу процесін жазатын веб-камерамен жабдықталған.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлер бос лауазымның санатына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден өтеді. Тестілеуден оң нәтижемен өткен үміткерлер келесі кезеңге, яғни, жеке қасиеттерін бағалауға жіберіледі. Бұл бағалау тестілеу нысанында жүргізіледі және арнайы дайындықты қажет етпейді.

Іріктеудің шешуші кезеңінде үміткерлер конкурстық комиссия ұйымдастырған әңгімелесуге қатысады. Әңгімелесу барысында олар бос лауазымның өкілеттіліктерін ескере отырып әзірленген сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ, кейбір санаттар үшін эссе жазу қарастырылған.

Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес әңгімелесу кандидаттың қалауы бойынша қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін. Бұл карантин жағдайында және алыс өңірлерде орналасқан үміткерлер үшін өте ыңғайлы тәсіл болып табылады. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Заңнамаға енгізілген жаңашылдықтарға сәйкес байқаушы ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Яғни, еліміздің кез-келген азаматы қалауы бойынша, конкурстардың объективті өтуін қадағалай алады. Бұл орайда байқаушылар тиісті жадынамамен танысып, қол қояды. Сонымен қатар, олар мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ уәкілетті органға конкурстық комиссияның жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады. Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ, персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Қазіргі уақытта облысымыздағы жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет лауазымдарының саны 3484 орынды құрайды. Ағымдағы жылы 404 бос лауазымға конкурс жарияланған. Оған қатысқан 501 кандидаттың 266-сы конкурстық комиссияның оң нәтижесін алған.

Бүгінгі күні конкурстық комиссияның отырыстары түгел байқаушылар мен сарапшылардың қатысуымен өтуде. Сонымен қатар, департамент қызметшілерінің қатысуымен де өтеді.

Соңғы уақытта мемлекеттік қызметті таңдаған азаматтар санының өскендігі байқалады. Мысалы, осы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуға тестілеуге 602 азамат қатысқан болса, соңғы 3 ай ішінде 515 азамат қатысқан.
Кадрлық жоспарлаудың маңызды міндеттерінің бірі мемлекеттік қызметке жастарды тарту болып табылады. Осы мақсатта департаменттің тарапынан халық арасында мемлекеттік қызметке орналасу оны өткеру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы тұрақты жүргізілуде. Олардың қатарында бос лауазымдар жәрмеңкелері, мемлекеттік органдармен өткізілетін Ашық есік күндері, кездесулер, тағы басқаларын атауға болады.

Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы толық ақпаратпен Агенттіктің ресми сайтында, департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында танысуға, немесе 8 (7162) 51 81 32, 8(7162) 51 81 98 телефондары арқылы білуге болады.

Райхан БРАТАЕВА,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар