18-22 қазан аралығында КТК телеарнасында, сондай-ақ YouTube-тағы KTK TV платформасында «В ФОРМАТЕ VHS» деректі фильмдер сериясы эфирге шықты. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалды.
«В ФОРМАТЕ VHS» — бұл КТК телеарнасының монтаждық документалистикасының табысты тәжірибесінің жалғасы. Бұл елге, қазақстандықтарға деген көзқарас және олардың телевизиялық хроника призмасы арқылы өткен жолы. 90-шы жылдардағы КТК бірегей мұрағаттық материалдарының негізінде ел өмірінің хроникасы қайта жасалды: Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге сирек кадрлар, алғашқы коммерциялық дүкендер және шетелдіктермен алғашқы байланыс, әлеуметтік саладағы коллапс және сонымен бір мезгілде тәуелсіздікке қол жеткізумен және ел дамуының жаңа векторымен байланысты үлкен үміт.
«Ескі пленкаларды» кері қайтара отырып, 30 жыл ішінде барлығы дерлік өзгергенін және Қазақстан көп нәрсеге қол жеткізгенін мойындамау қиын. Бірақ бұл жол қандай болды? 90-шы жылдар тек VHS форматындағы ескі теледидар кассеталарында қалды. «В ФОРМАТЕ VHS» жобасының авторлары 300 сағатқа жуық бірегей бейнематериалды қарап шықты, жаппай тапшылық пен бандиттік заңсыздықты қалай жеңгендерін, жаңа Астананың қалай өскенін, медицина қандай болғанын, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қазақстандық шоу-бизнестің қалай өзгергенін еске алғандармен кездесті. Революциялық гаджеттер, алғашқы шетелдік автомобильдер, компьютерлер, фитнес-клубтар, фирмалық заттар. Бұл туралы және тағы басқалар «В ФОРМАТЕ VHS» 5 деректі фильмде.
Фильмдердегі спикерлер:
1. Лариса Коковинец, Еуразиялық банктің басқарушы директоры.
2. Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі.
3. Нұрберген Махамбетов, ди-джей.
4. Мақпал Жүнісова, Қазақстанның Халық әртісі.
5. Ноэль Шаяхметов, телерадио жүргізушісі.
6. Тамара Жүсібалиева, репродуктивті медицина институтының директоры.
7. Қуаныш Сұлтанов, мемлекет қайраткері.