Облыстқы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Татарстан астанасы Қазан қаласында әлемнің 36 елінен жиналған 150 палуанның қатысуымен белбеу күресінен әлем чемпионаты өтті.
Кілең мықты палуандардың арасында 100 келі салмақта сынға түскен ақмолалық спортшы Бекбол Нұрланұлы төрт кездесуде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Бекболдың жеке жаттықтырушысы Нұрлан Мәуленұлының айтуынша, жерлесіміз финалда ресейлік қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермеді.