Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Министр елорда мектебінде оқушыға жасырын екпе салу оқиғасына қатысты пікір білдірді - АРҚА АЖАРЫ

Министр елорда мектебінде оқушыға жасырын екпе салу оқиғасына қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таяуда елорданың №58 мектебінде балаларға жасырын екпе салып жатыр деген шулы оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар қауіпсіздігі туралы сөз еткенде елорданың №58 мектебінде болған жайтты айтпай кетуге болмайды. Бұл — мектептің ішкі ережесінің бұзылуы, бөгде кісінің сабақтың өтуіне кедергі жасап, қауіп төндіруі. Аталған мектеп басшылығы тиісті шара қолданып, жедел әрекет етпеді. Жалпы айтқанда балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үнемі маңызды», — деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат кеңесі жиынында. Оның айтуынша, кез келген білім беру ошағы балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуі тиіс. Қауіпсіздік алгоримті, шешімдер, техника, бейнебақылау камерасы бәрі де балалардың қауіпсіздігі жолында жұмыс істеуі керек.

Бұл жағдайды мектептегі қауіпсіздікке жүргізілген тексеру болды десек болады. Ал егер мүлдем басқа адамдар болса не болар еді ? Ол аздай оқиға өткеннен кейін араға бірнеше күн салып айтыла бастады. Мектеп басшылығы болған жағдайға жедел әрекет етпеуімен қатар, оны жасырып бақты. Еш әрекет етпеді», — дейді ол. Еске сала кетсек, 26 қазанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар Нұр-Сұлтанда №58 мектепте ата-аналардың ресми түрде бас тартуына қарамастан балаларға жасырын екпе жасалатыны туралы ақпарат тараған еді. Хабарламада оқушылардың біріне дәретханаға вакцина салынғаны айтылған. Дегенмен оқиғаның шындыққа сәйкес келмейтіндігі анықталды. Ол туралы Stopfake.kz ресми хабар таратты

https://www.coronavirus2020.kz/kz/ministr-elorda-mektebinde-okushyga-zhasyryn-ekpe-salu-okigasyna-katysty-pikir-bildirdi_a3856762

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар