Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауа райы қуаңшылығын еселі еңбекпен жеңе білдік - АРҚА АЖАРЫ

Ауа райы қуаңшылығын еселі еңбекпен жеңе білдік

Бүгінгі күні өңірдің ауыл шаруашылығы саласы өзінің тұрақты дамуын одан әрі жалғастыруда. Бұл жыл сайын мемлекеттік қолдау көлемінің өсуінің, қазіргі заманғы технологияны енгізудің, сондай-ақ, диқандардың ерен еңбегінің арқасында мүмкін болып келеді.

Дегенмен, биылғы жылы облыстың бірқатар өңірлерінде күрделі жағдай қалыптасты. Кейбір өңірлер ауа райының қолайсыз жағдайынан төтенше жағдай енгізудің аз-ақ алдында қалды. Бұған қарамастан, қалыптасқан жағдайды бастан өткеріп, егіншілік және мал шаруашылығы саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Диқан қауымы, сіздер еліміздің және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өз үлестеріңізбен мақтануларыңызға құқыларыңыз бар. Биылғы ауа райының қолайсыздығына және өңірдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, диқандар 4,0 миллион тонна астық жинап алды. Гектар берекесі 8,8 центнерден айналды. Осындай көрсеткішке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер астық жинаудың стратегиясы мен әдістерінің барлық ұсыныстарын, технологиялық процестерді қатаң сақтаудың, химиялауды кеңінен қолданудың, жоғары репродукциялық тұқымды пайдаланудың және облыс диқандарының ерен еңбегі арқасында қол жеткізілді.
Бүгінгі күні өңірдің элеваторларына 1,8 миллион тонна астық түсті. Оның 92,3 пайызы үшінші класты бидай. Бұл – жоғары көрсеткіш. Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Сандықтау мен Астрахан аудандары мол үлесін қосты. Олар сәйкесінше 397,2 және 362,2 миллион тонна астық жинады. Зеренді мен Сандықтау аудандарында егін бітік шықты. Мұнда гектар берекесі 13,0 центнерден айналды. Майлы дақылдар өндірісіне Зеренді мен Бурабай аудандары мол үлес қосты. Олар сәйкесінше, 65,8 және 36,8 мың гектардан майлы дақылдар тұқымын жинап алды. Биылғы қуаңшылық жылы шөп өте аз шықты. Мал шаруа-шылығы саласын мал азығымен қамту үшін біраз тер төгуге тура келді. Кейбір аудандарда гектарынан 2-3 центнерден шөп жиналды. Ерейментау мен Зеренді аудандары сәйкесінше 131,2 және 123,9 мың тонна шөп дайындады.
Облыс аграршыларының ерен еңбегінің, жергілікті жерде ұйымдасқан шараларды ойластырып өткізудің арқасында мал азығына өңірдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету көлемі толық орындалды. Сандықтау ауданының «Максимовский» серіктестігі гектарынан орта есеппен 21,2 центнерден, Зеренді ауданының «Викторовский» серіктестігі гектарынан 14,7 центнерден, Целиноград ауданының «Ақтық» Агрофирмасы» серіктестігі гектарынан 15,6 центнерден жоғары өнім алды. Астрахан ауданының «Алмаз Агро» серіктестігі және өзгелері де мол астық жинады. Олар биылғы жылдың қолайсыз ауа райына қарамастан, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиясын қатаң сақтап, өздерінің сүйікті істеріне жауапкершілікпен қарап, мол астық алуға болатынын мол тәжірибелерімен дәлелдей түсті. Жауапты дала жұмыстарының барлық кешенін уақытында жүргізуге машина-трактор паркінің техникалық жабдықталуы маңызды рөл атқарды. Техникалық жабдықтау мен көктемгі егіс және орақ жұмысын жүргізу мерзімін сақтау өз кезегінде өндірілген өнімнің шығымдылығы мен сапасына игі ықпал етеді. Үстіміздегі жылдың 9 айында облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 1890 ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде 281 комбайн, 388 трактор, 95 егіс кешенін, 1126 өзге техника сатып алды. Сөйтіп, машина-трактор паркі биыл 3,1 пайызға жаңартылды.
Осының арқасында еңбек өнімділігі де артты. Жақсы ауданының «Қаражон» серіктестігінің комбайншысы Өтебай Беркінбаев, Есіл ауданының «Ново-Приречный» серіктестігінің комбайншысы Денис Риянов, Біржан сал ауданының «ҚазГерҚұс» серіктестігінің комбайншысы Максим Поздеев, Сандықтау ауданының «Максимовский» серіктестігінің комбайншысы Николай Горнышев, Атбасар ауданының «Аграрный» серіктестігінің комбайншысы Сергей Циммерманның ортақ іске қосқан мол үлестерін атап өткен жөн. Сіздердің еңбектеріңізге алғысымызды білдіреміз. Құрметті ауыл еңбеккерлері! Өңірде мал шаруашылығын дамыту барысында да оң өзгерістер байқалуда. Облыста мал басы көбейіп, өнім көлемі ұлғайды. Бүгінгі таңда облыс мал бордақылау бо-йынша республика көлемінде мол жетістікке қол жеткізуде. Біз бір уақытта 37 мың бас ірі қара мал баға аламыз. Сондай-ақ, асыл тұқымды мал басын көбейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Биылғы жылы облыс 6,5 мың бас ірі қара сатып алды, оның 1,8 мың басы шет елден. Бүгінгі күні өңірдің ет және ет өнімдеріне деген қажеттілігі толық қамтамасыз етілген. Азық-түлік белдеуі аясында астанаға да осы өнімдер тасымалданады. Сондай-ақ, өніміміз шетелдерге экспортталады. Сүт өндірісінде Целиноград ауданының «Родина» Агрофирмасы» серіктестігі, Ақкөл ауданының «Еңбек» серіктестігі, Целиноград ауданының «Астана-Өнім» акционерлік қоғамы, Бурабай ауданының «Айна сүт фермасы» серіктестігі дәстүрлі көшбасшы болып келеді. Облыс жұмыртқа өндірісі көлемі бойынша республикада 2-ші орында тұр. Бұл өнім республика көлемінің 16 пайызын құрайды. Бұл бағытта Аршалы ауданының «Ижевский» өндірістік кооперативі мен Біржан сал ауданының «ҚазГерҚұс» серіктестігін атап өткім келеді. Олар өңірде өндірілетін барлық өнімнің 70 пайызын шығарады.
Макинск құс фабрикасын іске қосудың арқасында құс етін өндіру 75 мың тоннаға жеткізілмекші. Нәтижесінде көрсеткіш республикалық көлемнің 30 пайызын құрайтын болады. Көкшетау қаласында сүт өнімін өндіретін «Гормолзавод» серіктестігі өз қуатын арттырды. Кәсіпорын біздің өңірдің бренді болып саналады. Біржан сал ауданында 350 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы салынды. Импорт алмастыру аясында Бұланды ауданында 600 тонна шикізат өндіретін май зауытының құрылысы аяқталады. Мұндай жетістіктерге қол жеткізу үшін шаруашылықтың басшылары мен мамандары, өңдеуші кәсіпорындар, ғалымдар және өзгелері көп еңбек етті. Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге тағы да алғысымызды білдіреміз. Облыстың агроөнеркәсіп кешенінің барша қызметкерлерін Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Жаңа еңбек жетістіктері мен мол табыстарға жете беріңіздер. Мереке құтты болсын!
Еркеш ӘЛЕНОВ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар