Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қосшының қала ретінде қалыптасуының жаңа кезеңі басталды - АРҚА АЖАРЫ

Қосшының қала ретінде қалыптасуының жаңа кезеңі басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында алға қойылған негізгі міндеттерге арқа сүйей отырып, жаңа қаланың алғашқы аяқ алысына тоқталды.

Ағымдағы жылдың шілде айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қосшы қала мәртебесіне ие болды. Осыған орай, қала әкімінің аппараты қазан айының басында жасақталып, іске кіріскен алты салалық басқарма құрылды.

–Қазіргі уақытта қалалық прокуратура мен мемлекеттік кірістер басқармасы, консультативтік-кеңесші органдар да құрылды. Туындаған мәселелер біртіндеп шешілуде. Бұл – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне, абаттандыру мен санитарлық тазарту, автомобиль жолдары мәселелеріне, жылумен жабдықтауға және басқа да жағдайларға қатысты проблемалар. «Даймонд парк» тұрғын үй кешенінің қазандығында әрқайсысының қуаттылығы 2 Мегаватт болатын екі қазандық іске қосылды. Жаңа қазандықтардың жиынтық қуаты 30 мың шаршы метр ауданды жылытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта, тұрғын үй кешені сапалы жылумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінің қазандығы үшін 4 жаңа қазандық сатып алынды. Қосшы қаласында қысқы жылу беру маусымы 21 қыркүйекте басталды. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға жылу берілді. Жөндеуден өткен орталық қазандық, басқа қазандықтар да қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр,–деді қала әкімі өз сөзінде.

Сондай-ақ, Халықаралық қарттар күніне орай, демеушілердің көмегімен қаладағы қарттар мен аз қамтылған отбасыларға 250 азық-түлік пакеті таратылыпты. Қалада бірқатар кәсіпкерлік нысандары ашылуда. Мәселен, Ақмола облысында тұңғыш рет «KFC» брендінің филиалы ашылды. Бұл қаланың жоғары инвестициялық әлеуетін көрсетеді. Қала халқының саны күннен-күнге өсуде. Денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және басқа да салалардың қызметтеріне қажеттілік ұлғаюда.

Осыған байланысты, Қосшы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың таяудағы бес жылға арналған кешенді жоспарын және қаланы дамытудың жаңа бас жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Онда тұрғын үй массивтерін, әлеуметтік-өнеркәсіптік нысандарды салу мәселелері айқындалатын болады. Қала халқын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшін 118 шақырым су құбыры желісін салу және 3,5 мыңнан астам тұрғын үйді соған қосу қажет.

–Қазіргі уақытта қалада әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Қосшыдағы мектеп тапшылығы 4 мыңға жуық оқушы орнын құрайды. Бұл мәселені шешу үшін 1200 орындық екі мектеп салынуда. Денсаулық сақтау саласында ағымдағы жылы бір ауысымда жүз келушіні қабылдай алатын емхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Нысан 90 пайызға дайын, қалған жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда,– деді Гайдар Қасенов өз сөзінде.
Осыған қарағанда, Қосшыға қала мәртебесін беру Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар –
елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттарды іске асыру үрдісіне сәйкес дұрыс шешім болғаны күмән тудырмайды.
Рамазан ТІЛЕУОВ.
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар