Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақкөлдіктердің өз экопаркі болады - АРҚА АЖАРЫ

Ақкөлдіктердің өз экопаркі болады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Ақкөл ауданының әкімі Юрий Курушин ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолға алынған жұмыстардың нәтижесін келесі көрсеткіштер арқылы баяндады.

Осы жылдың он айы ішінде ауданның өнеркәсіп өнімі 4 миллиард теңгені құраған. Мұндай жетістікке жету жолында қазандықтар мен ауыл шаруашылығы жабдықтарын, ұн, бетон мен ағаш өнімдерін шығаратын «Камила», «КРМЗ», «КазЛес», «Imak Trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қосқан үлесі зор екенін атап өту қажет.

–Ал, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 27 миллиард теңгеге жетті. 139 мың гектар жерден 123 мың тонна дәнді дақылдарды жинап алдық. Енді машина-трактор паркін жаңарту үстіндеміз, – деген аудан басшысы осы жылы ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын жаңартуға 1 жарым миллиард теңге жұмсалғанын айтты.

Мал шаруашылығын дамыту жоспары аясында ауданда 6 жоба іске асырылып, 7 ет фермасы құрылған. Тауарлы-сүт фермасын салуға арналған жоба да іске асып жатқан көрінеді.

–Бүгінде ауданымызда кіші және орта бизнестің 1405 субъектісі бар. Оларда 4 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Мемлекеттен қолдау алуға ниет білдірген 11 бизнес өкілінен өтініштер келіп түсті. Олар «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасына қатысып, 1 грант пен 10 субсидия алды, – деді аудан әкімі өз сөзінде.

Аудандағы қысқы жылу беру маусымына дайындыққа келер болсақ, биыл 554 миллион теңгеге отын алынған. №2 қазандыққа 90 және 62 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйлер қосылып, жаңадан орнатылған блокті-модульдік екі қазандық он шақты көп қабатты тұрғын үйлерге жылу беруде. Бұл үйлердің барлығы 30 жылдай жай пештер арқылы жылытылып келгенін ескеру қажет.

–Жолдарды жөндеуге ден қойылып, осы мақсатқа облыс бюджетінен 684 миллион теңге бөлінді. Азат, Наумовка, Урюпинка, Жалғызқарағай, Новорыбинка ауылдарының ішкі жолдарына асфальт төселді, – деген Ақкөл ауданының басшысы елді мекендердегі Кемеркөл, Өрнек, Сазды Бұлақ, Амангелді мен Рамадан ауылдарының жолдарына тас төселіп, тегістелгенін айтты.

Тағы бір өзекті мәселе, аудан тұрғындарын үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Осы мақсатта облыс бюджетінен 344 миллион теңге бөлініп, Радовка, Жалғызқарағай, Новорыбинка, Наумовка, Урюпинка ауылдары мен Ақкөл қаласының сумен қамтамасыз ету жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.

Бұл ретте, Ақкөл қаласы «ақылды қалалардың» қатарында екенін атап өту қажет. Бұл жобаны одан әрі дамыту мақсатында француздық компания өкілдерінің көмегімен табиғи қалдықтарды қайта өңдейтін контейнерлерді орнату жоспарлануда. Ал, қаланы көркейту мақсатында Қазақстанның урбанистер қауымдастығының өкілдері аудан орталығындағы әбден ескірген паркті жөндеп, орнына экопарк құрмақ. Бұл жоба облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың тарапынан қолдау тауып отыр. Енді оны іске асыру үшін 450 миллион теңге қаржы бөлінбекші.

Айгүл МЫРЗАҚҰЛОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар