Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) бокс кешінде рингке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) бұл жолы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) қолғап түйістірді. Орта салмақта өткен жекпе-жек он раундқа есептелген. Алайда сегізінші раунда Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық ноаутпен жеңді. Француз боксшысы үшінші раундта нокдаун алған еді. Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста 11 мәрте жеңіске жетті. WBO Global чемпионы титулын қорғап қалды. WBA Regular,
WBO Interim және WBC Silver нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы француз Хассан Ндам Нжикам кәсіпқой карьерасында алтыншы реті жеңілді. Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем және Азия чемпионы атанды. Ал 2014 жылы Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді. Кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді. Он жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Оның алтауы нокаутпен аяқталды.
Дееккөз: www.inform.kz