Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, құрама команданың қоржыны үш алтын, бір күміс және үш қола медальмен толықты.
Суда жүзуден республикалық турнир Өскемен қаласында өтті, онда Ақмола облысының «Бурабай» БЖМСМ спортшылары әртүрлі дәрежедегі жеті марапатқа ие болды.
Әділет Ермеков 50, 100 және 200 м брасс қашықтықта үш алтын медаль иегері атанды. Ол «Брасс» әдісінде абсолютті чемпион атанып, жаңа рекорд орнатты.
Алина Хамитская кешенді жүзуде 400 м қашықтықта күміс жүлдегер атанды. Еркін әдіспен 50 м және баттерфляй әдісімен 50 м қашықтықта қола жүлдегер атанды.
Еркін әдіспен 4=100 м қашықтықтағы эстафетада Никита Сибирский, Әдият Ермеков, Руслан Найкин және Рассул Турок командалық есепте үшінші орынға ие болды.