Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Студент жастардың алғашқы тобы Pfizer вакцинасын алды - АРҚА АЖАРЫ

Студент жастардың алғашқы тобы Pfizer вакцинасын алды

Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттеріне алғашқылардың бірі болып Pfizer вакцинасы егілді. Вакцинация Назарбаев даңғылында орналасқан қалалық емхана филиалында жасалды.

Емхананың бас дәрігерінің орынбасары Роза Сыздықтың айтуынша, бүгін екпе алуға 12-17 жас аралығындағы он екі студент қыз-жігіт ниет білдірген. Олар ата-анасының келісімін алғандар. Вакцинация процедурасы ересектердікі сияқты стандартталған. Жасөспірімдер медицина саласының болашақ маманы ретінде емханаға саналы түрде келіп, өз бастамаларымен қатарластарына үлгі болуға дайын екен. Сонымен, бірінші болып, барлық қажетті процедуралардан кейін екінші курс студенті Аяулым Жанболат екпе алды. Оның айтуынша, олар бұрын екпе алғылары келген, бірақ жас шектеуі оны ертерек жасауға мүмкіндік бермеген. Сондай-ақ, екінші курс студенті Зейнеп Рымхан жақын арада өндірістік тәжірибеден өту керектігін айтады.

– Әрине, біз – болашақ медицина қызметкерлері, ересектердің үлгісімен екпе алуымыз керек. Алдағы уақытта медициналық мекемелерде жүргенде біз ықтимал науқастармен тікелей байланыста боламыз. Мұндай кездесулерге иммунитетіміз дайын болуы керек, –деген өз ойымен бөлісті З.Рымхан. Сонымен қатар, өз еркімен екпе алғандардың ішінде 17 жастағы Владислав Миллер үшінші курс студенті. Ол да көптен бері коронавирусқа қарсы екпе алғысы келгенін жеткізді. Өйткені, оның отбасы түгел вакцинацияланған екен. Оның үстіне, өзі медициналық оқу орнының студенті болғандықтан, вакцинаны алуға бел буғанын жеткізді. Ол өз сөзінде, студенттер мен оқушыларға әлем мойындаған және ДДҰ вакциналарының бірі Pfizer ұсынылғанына өте қуанышты екенін де атап өтті. Оның бұл пікірімен екінші курс студенті Ерболат Жақсылық та толығымен келісетінін жеткізді. Ерболаттың отбасы да коронавирусқа қарсы екпе алған және олар вакцина қажет екеніне сенімді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вакцина сатып алуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаражат резервінен 689,8 миллион теңге бөлінген. Ақмола облысында арнайы медициналық қамтамасыз ету базасының қоймасына 35 100 доза вакцина келіп түскен. Бұл 21 күндік интервал аралығында екі рет егуге арналған 2 фазалы вакцина. Осы контингентке қатысты вакцинация жоспары дайындалған. Облыс бойынша 66105 адамға вакцинация жасау жоспарлануда. Атап айтсақ, 47 000-ы 12-17 жас аралығындағы балаларды қоса алғанда, 4160-ы жүкті әйелдерге, 14 945-і бала емізетін әйелдерге екпе егіледі.

Бүгінгі таңда өңірлерге вакциналарды сақтау, медициналық ұйымдарға тасымалдау нұсқаулары, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау тәртібі туралы ақпарат берілді. Pfizer вакцинасын сақтау және тасымалдау бойынша оқыту семинарлары мен конференциялар тұрақты негізде өткізілетін болады. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне де, тұрғындарға да арналған нұсқаулықтар мен буклеттер дайындалған. Тасымалдау кезінде вакцинаны сақтау мақсатында 1 рефрижератор сатып алынып, әрі вакцинаның ай сайынғы жеткізілімін ескере отырып тапсырыстар дайындалған. Екпенің 1 құтысы 6 адамға арналған, сондықтан, арнайы тізім әзірленуде. Медициналық ұйымдарда вакциналарды сақтауға арналған 60 мұздатқыш камера, 340 термоконтейнер, 10 тоңазытқыш қап, 1690 мұз пакеті бар.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар