Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Целиноград ауданының Тасты ауылында дәрігерлік амбулатория есігін айқара ашты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші жобасын іске асыру шеңберінде ашылған ауылдық дәрігерлік амбулатория жергілікті «АКА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Дәрігерлік амбулатория 25 келушіге, күндізгі стационарға 4-8 төсек-орынға шақталған. Онда 1 дәрігер, 2 орта медициналық қызметкер, 1 акушер жұмыс істейді.
«Талды ауылының тұрғындары Целиноград ауданының Құрметті азаматы, меценат, «АКА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Қуанышбек Ахмединге осындай сый үшін өте ризамыз», — деді Тасты ауылының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жақсылық Өтешов.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күні Талды ауылында тұратын нақты халық саны 1075 адам болса, бекітілген қызмет көрсетілетін халық саны 824 адамды құрап отыр.