Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола мен Жамбыл облыстарындағы байырғы атауларды қайтару ұсынылды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола мен Жамбыл облыстарындағы байырғы атауларды қайтару ұсынылды

Мәдениет және спорт министрлігінің Ономастика бөлімі Ақмола мен Жамбыл облыстарының байырғы жер-су атауларына зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрліктің хабарлауынша, «Тарихи-диахрондық әдісті қолдану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру қызметі» жобасы былтырдан бері жүзеге асырылып келеді. Былтыр жоба аясында СҚО және Қарағанды облысатрының топонимикалық атаулары зерттелген болатын. «Аталған жобаны мемлекеттік сатып алу арқылы «Қайнар» кәсіби дайындықтың жоғары мектебі» ЖШС ұтып алған. Бүгінде аталған серіктестік техникалық ерекшеліктерге сәйкес, белгілі ғалымдар, географтар, ғалымдардан жұмыс тобын құрып, бірқатар еңбек етті.
Сондай-ақ, министрлік тарапынан ономастикалық кеңістікті реттеу және стандарттау міндеті қойылған. Ел аумағындағы тарихи жер-су атауларын халқымыздың тарихынан ғана емес, дүниетанымы мен ұлттық ұстанымдарынан да хабар беретіні құнды. Биыл Ақмола және Жамбыл облыстарын алып отырмыз. Қараша айында Көкшетау және Тараз қалаларында мамандардың қатысуымен семинар ұйымдастырылды», — деді ҚР Мәденит және спорт министрлігі Мәдениет комитеті Ономастика бөлімінің басшысы Елерке Төрехан ҚР Ұлттық кітапханасында өткен қорытынды брифингте. Жоба нәтижесі ретінде аталған өңірлер кестелі сөздік жасайды, сонымен бірге топонимикалық атаулардың өзгеру динамикасы жасалады.
Еліміздің барлық 17 өңірінің топонимикалық атаулары, олардың байырғы тарихи атаулары зерттеліп болғасын, Қазақстанның барлық ономастикалық атауларының 3D каратсын әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл карта методикалық көмек ретінде жергілікті әкімдіктерге жұмыс барысында басшылыққа алу үшін таратылады. «Алдағы уақытта бұл жоба Қазақстанның барлық облысындағы елдімекендердің тарихи атауларын қалпына келтіруге негізделеді. Жобадан күтілетін нәтиже – біріншіден, диахрондық әдіс бойынша тарихи атаулардың этимологиясы мен мағынасы айқындалады.
Екіншіден, көне атаулардың қазіргі Қазақстан ононмастикалық кеңістігіндегі жер-су атаулары мен өзара тілдік-генетикалық байланысы, мазмұндық-семантикалық ортақтығы, сондай-ақ тарихи сабақтастығына талдау жасалады. Үшіншіден, тарихи дәлелдерді келтіру мақсатында кеңес кезеңіне дейінгі және кеңес кезеңіндегі картадағы атаулар зерттеледі. Яғни, көне замандағы карталармен жұмыс жасалады, өзара салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Төртіншіден, байырғы тарихи атауларды қалпына келтіру барысында жоба зерттеушілері әр облыс бойынша ғылыми-зерттеу нәтижелерімен таныстырып,тұрғындарды хабардар етіп, жергілікті атқарушы органдардың оңтайлы шешім қабылдауына мүмкіндік береді», — деді Е. Төрехан.
«Қайнар» кәсіби дайындықтың жоғары мектебі» ЖШС директоры Гүлнар Бекенованың айтуынша, Ақмола облысында 180 жер-су атауының, Жамбыл облысында — 100-ден астам жердің байырғы атын қайтару және өзгерту туралы ұсыным берілген. Ең алдымен бұл ұсынымдарды жергілікті атқару органдары және ономастикалық комиссия қарастырады. Содан кейін жергілікті атқарушы орган орталыққа ұсыным жіберуі қажет және соңғы шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды және Үкімет арнайы қаулы шығарады.
Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар