Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алға бастайтын бағыт-бағдар айқын - АРҚА АЖАРЫ

Алға бастайтын бағыт-бағдар айқын

2021 жыл Қазақстан үшін ерекше мәнге ие. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толғалы отыр. Бұл – басты ұлттық мерекеміз. Тә­уел­сіздік әлемдегі кез келген мемлекет секілді Қазақстанға да еге­мендіктің сенімді әрі берік не­гі­зін қалыптастырып берді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік – Қазақстан мемлекет­ті­лі­гі­нің берік тірегі» екенін, ал «мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифр­лан­дыру, балалар мен мүгедектердің құ­қығын қорғау, экология мәселесін ше­шу аясында өтетінін» атап өтті.

Еліміздегі бұқаралық ақпа­рат құ­рал­да­ры жыл бойы қазақстан­дық­тар­дың назарын ел тарихының атаулы кезеңіне аударғаны белгілі. Бұл – өте дұрыс қадам. Өйткені жекелеген тұлғалардың ең­бегі мен қызметіне қарап, жас мем­ле­кет­тің қалыптасуы мен дамуының тұтас көрінісін қалыптастыруға болады.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қа­зақ­стан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мем­лекеттік тәуелсіздігі туралы» Конс­т­и­­ту­циялық заңды қабылдады. Сол қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқы үшін тағдыршешті құжатты әзірлеу ең ал­ғашқы маңызды әрі негізгі жетістік болды. Бұл қадам жаңа демократиялық мемлекет пен қоғамның іргетасын қа­ла­ды. Осылайша, дүниежүзінің саяси картасында Қазақстан атты мемлекет пайда болып, жеке шекарасы белгіленіп, негізгі құжаттары қабылданды.

Қазір біз жан-жақты дамып, көр­ке­йіп келе жатқан елде өмір сүреміз. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, 2006 жылы Қазақстан табысы орташа деңгейден жоғары елдер қатарына, ал 2012 жылы әлемнің бәсекеге қабілетті елу экономикасының қатарына кірді, 2015 жылы Дүниежүзілік сауда ұйы­мы­ның тең құқылы мүшесі атанды.

Елдегі көптеген оң өзгеріске тікелей қатысқан маман ретінде Тәуелсіздіктің отыз жылы – экономикалық прогресс пен орнықты даму кезеңі екенін толық сеніммен айта аламын. Экономиканы, цифрландыру процесін, әлеуметтік саланы және білім беруді қоса алғанда, көптеген көрсеткіш бойынша Қазақстан бұрынғы КСРО-ның өзге республикаларынан асып түсті, дербес, саяси және экономикалық тәуелсіз мемлекетке айналды.

Ұлттық тарихымыздың жаңа беттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байла­ныс­ты. Ол мемлекетті басқарудың ма­ңы­зды принциптерін орнықтырды, ке­йінірек олар «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» деген өмір­шең де тарихи қағидатқа ұласты. Яғни еліміз бастапқыда экономикалық да­му­ға арқа сүйеді, осы тұрақты негізде де­мо­кра­тия­лық институттар құруды көз­деді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көптеген саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселе болды. Елде гиперинфляция белең алды, дүкендердің сөрелері бос тұрды. Мен мұны жақсы біле­мін, өйткені қызметімнің негізгі бө­лігі осы кезеңмен тұспа-тұс келген-ді. Мен Тұңғыш Президенттің қандай қиындықтарға тап болғанын және олардың бүкіл кең-байтақ еліміздің ауқы­мында қалай шешілгенімен жақсы та­ныспын.

Тәуелсіздік жылдарында саяси тұ­рақ­тылықты сақтап қалу – Қазақстан үшін ең үлкен жетістіктердің бірі болды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Тежемелер мен теңестірулер жүйесінің көмегімен биліктің сот, заң шығарушы және ат­қа­рушы тармақтары теңдестіріліп, ха­лықтың қалауын орындаушы, ұлттық мүддені қорғаушы және заңдарды жү­зеге асырушы тараптарға айналды.

Нарықтық реформалар, индустрия­лан­дыру және шетелдік ин­вес­ти­ция­лар­дың ағыны еліміздегі өнім­ді­лікті арттырды, халық жұмыспен қамтыла бастады, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік азая түсті. Осылайша, «Қа­зақ­стандық даму моделі» деген ұғым кеңінен тарады.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақ­стан өзінің ұлттық бірлігінің бірегей үл­гі­сін жасады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстан халқы Ассам­блея­сын құру идеясын ұсынды. Рес­пуб­ликада ұлты мен діни сеніміне қара­мастан, елдің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер жасалды. Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының біре­гей­лігі бүкіл әлемде мойындалып, ол Қазақстанның халықаралық брендіне айналды және азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын болып қалыптасты.

Тәуелсіз мемлекеттің бас қаласы – қазіргі Нұр-Сұлтан – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше жобасы, тәуелсіз Қазақстанның табысты символы және елдің эталоны. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен елордамыз «Әлем қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап ол Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі атанды.

Елімізде өткен ең маңызды әрі ауқымды іс-шаралардың бірі – 2017 жыл­ғы EXPO халықаралық маман­дан­ды­рылған көрмесі болды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында осы беделді іс-шараны өткізген алғашқы ел болды. Көрмеге 115 мемлекет пен 22 ха­лық­аралық ұйым қатысты. Оны төрт мил­лионға жуық адам тамашалады. Көрме «жасыл энергия» тақырыбына арналды.

«Жасыл» энергетикаға көшу, «жасыл» технологияларды енгізу – жа­һан­­дық экономиканың өсіп келе жат­қан жаңа бағыты. «Жасыл» экономи­ка мемлекеттің тұрақты дамуын қам­та­масыз ету үшін маңызды. Болжам бо­йын­ша, 2050 жылға қарай «жасыл» экономика саласындағы өзгерістер ІЖӨ-ні қосымша 3 пайызға өсіруге, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға, сондай-ақ өнеркәсіп пен қызметтердің жаңа сала­ларын қалыптастырып, қазақстан­дық­тар­дың өмір сүру сапасын жақсар­ту­ға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының белсенді сыртқы саяси қызметі мен халықаралық бастамаларының арқасында Қазақстан Еуразиялық Экономикалық Одақ, ҰҚШҰ, ШЫҰ және Түркі Кеңесі сияқты ұйы­мдардың құрылуында негізгі рөл атқарды. Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып ЕҚЫҰ Саммитін өткізді.

Мен еліміздің қалыптасуы мен дамуында ерекше мәнге ие бірқатар іс-шараны ғана атап өттім. Бұл оқиғалар қазақстандықтардың барлығына мәлім. Десе де, мен үшін олар – ерекше есте қаларлық, жақын әрі қымбат сәттер.

Әйелдердің рөлі туралы айтпасам болмас. Прогреске ұмтылған кез келген қоғамда әйелдердің орны тө­мен­детілсе, ол қоғам ешқашан үйле­сім­ді да­ми алмайды. Әйелдердің жағдайы, лакмус қағазы секілді, қоғам мүше­ле­рі­нің гуманизм, теңдік және мейірім қағидаттарына деген адалдығын дәл көр­сетеді.

Халықаралық аренада әйелдердің тең құқығына қол жеткізудегі басты қадам 1979 жылғы 18 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы конвенцияны қабылдаған кезде жасалды. Қазақстан оған 1998 жылы, ал факультативтік хаттамаға 2001 жылы қосылды. Бұл екі құжат та ешбір ке­дер­гі­сіз ратификацияланды. Өйткені біздің ұлттық заңнамамыз халықаралық құқық нормаларына толығымен сәйкес келеді.

Сарапшылардың айтуынша, әйелдер өтпелі кезеңнің сынақтарын өз мойнына алды және ең бастысы – оларды сәт­ті еңсерді. Осылайша олар Тәуел­сіз Қазақстанның қалыптасуы мен көр­ке­юі­не елеулі үлес қосты. Еліміз еге­мен­дікке қол жеткізген тұста нәзік жан­ды ару­ларымыз от басы, ошақ қасын­да қа­лып қоймай, еліміздің қоғам­дық-саяси өміріне белсене араласты.

Бүгінгі таңда Қазақстан әйелдері әлеуметтік жобаларды әзірлеп, іске асыруда, заңнамалық актілерді талқылап, қабылдауда, кәсіпкерлік қызметте бел­сен­ділік танытып келеді. Әйелдердің мұн­дай ұстанымын мемлекет те қолдап, ынталандырып отырады.

Бұл ойыма мен биыл маусым айында гендерлік теңдік пен Орталық Азияның бес елінде әйелдердің мүмкіндігін кеңейту саласындағы озық тәжірибе бойынша өткен виртуалды кездесуде Қазақстан атынан сөз сөйлеуге шақы­рыл­ғанымда тағы да көз жеткіздім. Бұл елдердің өкілдері 1995 жылы Бей­жің­дегі Әйелдер жағдайы жөніндегі IV Дүниежүзілік конференцияға қа­тыс­қанын айта кету керек. Пандемияға қарамастан, әлемдік қоғамдастық онлайн кездесулер өткізіп, мемлекеттер қа­был­даған міндеттемелердің нәти­же­ле­рін талқылап тұруға тырысып отыр.

Көтерілген тақырыптардың ішінде «Өткенге қарасаңыз, осындай көрнекті әрі тарихи саяси міндеттемелерге қол жеткізудің алғышарттары қандай болды? Сіз конференцияға қатысушы ре­тін­де, Бейжіңнен оралғаннан кейін өз елі­ңізде нені өзгерткіңіз келеді? Сіздің ойыңызша, әлі де жүзеге аспаған нендей шаралар бар?» деген сауалдар назар аудартты. Барлығы енді ғана басталып, жан­данып жатқан шақты еске алып, сол атмо­сфераны қайта сезінудің өзі ерекше болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әйел­дердің әлеуметтік жағдайына, кө­ңіл күйіне әрдайым назар аударатын. Ол мемлекетіміз қалыптасып жатқан алғашқы күрделі жылдарда әйелдердің қоғамдық мәртебесін арттыруға кө­ңіл бөле отырып, арнайы орган – Қа­зақ­стан Республикасы Президентiнiң жа­нын­дағы Отбасы, әйелдер істері және де­могра­фиялық саясат жөнiндегi кеңесті құр­ды.

Сол кезде Бейжіңдегі әйелдердің Дү­ние­жүзілік форумы әлемдік қоғам­дас­тыққа әйелдердің мәселесін шешетін институттық ұйым құруды енді ғана ұсынған еді. Ал бізде мұндай механизм ол кездің өзінде қолданыста болды.

Кейінірек кеңес Қазақстан Рес­пуб­ли­­касы Президентінің жанындағы От­ба­­сы ­істері және гендерлік саясат жө­­нін­дегі ­ұлттық комиссия болып өз­гер­тілді. Мен сол ұйымның төра­ғасы ре­­тінде 10 жыл қызмет еттім. Елі­міз­дегі ген­дерлік мәселелерді зерттеуге және көп­­теген жылдар бойы осы са­лада қыз­мет етуге ерекше мүмкіндік алға­ны­ма қуа­ныштымын.

Сол кезді еске түсірсем, Бей­жің­нен әйелдер үшін ашылған жаңа мүмкін­дік­терге қанаттанып оралғанымыз ойы­ма оралады. Сол жиында естіген, көр­ген дүниелердің барлығын алдағы қыз­ме­ті­міз­де пайдаландық.

Бірден Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөнін­де­гі Ұлттық іс-қимыл жоспары әзір­ленді, оның ішінде Бейжің іс-қимыл плат­фор­ма­сының бағыттары бойынша да ірі бағ­дарламалар қамтылды. Ол Үкімет қау­лы­сымен бекітілді, өйткені бізге елде әйел­дер мен балалардың мәселелерін шешуге назар аудару үшін мемлекеттік дең­гейде қабылданған құжаттар қажет еке­нін түсіндік.

Одан кейін жыл сайын жарық көретін «Қазақстан әйелдері мен ерлері» жинағын шы­ғара бастадық, бұл елдегі гендерлік жағдайды бақылауға мүмкіндік берді. Бастапқыда ол халықаралық ұйымның қолдауымен шығып тұрса, қазір бюджет қаражаты есебінен жарияланады. Бұл – мемлекет тарапынан әйелдерге деген қамқорлық пен қолдаудың тағы бір дәлелі.

Гендерлік көрсеткіштер мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда, мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу кезінде де пайдаланылатынын айта кеткен жөн.

Бүгінгі таңда қазақстандық әйелдер­дің қаншалықты кәсіби тұрғыда өсіп, дамып кеткенін көруге болады. Олар экономикада, қаржы саласында белсенді қызмет атқарады, оның үстіне жұмысын отбасымен және аналық қамқорлығымен қатар алып жүреді. Соңғы жылдары қо­ғам­да табысты іскер әйелдердің бей­не­сі нығая түскені анық.

Парламент Мәжілісінде де әйелдердің көрсеткішінде жақсы өзгерістер бар: егер 2016 жылы Мәжілістегі әйелдер үлесі 10 пайыз болса, 2021 жылы 29 пайызға жеткен. Парламент тәжірибесінде алғаш рет әйелдер мен жастарға арналған пар­тия­лық тізімдерде 30 пайыздық квота енгізілді.

Өткенге көз жүгіртсек, Қазақстанның Бейжің іс-қимыл платформасының ере­желерін іске асыруда қол жеткізген елеу­­лі жетістіктерін де атап өтуге бола­ды. Бұл жалпы еліміз жеткен же­тіс­тік­те­рімен қатар мүмкін болды.

Бейжің платформасынан бөлек, Қазақстан басқа да халықаралық шарттар бойынша міндеттемелер алып, көптеген заңдар қабылдады. Жетістіктердің ішін­де гендерлік бағыттағы екі маңызды заңды атап өтуге болады: «Ерлер мен әйел­дердің тең құқықтарының және тең мүм­кіндіктерінің мемлекеттік кепіл­дік­тері туралы» және «Тұрмыстық зор­лық-зом­былық профилактикасы туралы» заң­дар. Кезінде осы құжаттардың әзір­лен­уіне және қабылдануына мен бас­тамашылық жасаған едім.

Дегенмен, әлі де шешімін таппаған мәсе­лелер бар, алдағы уақытта олар бо­йын­ша жұмыс істеу керек.

Айталық, қазір жұмыссыздар арасында әдеттегідей әйелдердің үлесі көп. Әйелдер мен ерлердің жалақысының арақатынасы туралы да сұрақтар бар. Бұл мәселелердің бір ұшы барлық деңгейдегі бюджеттердің гендерлік мәселе тұр­ғы­сынан қарастырылмағанына келіп ті­релуі мүмкін. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық та күн тәртібінде тұр. Қа­былданған шараларға қарамастан, мәселе әлі де өзекті болып отыр.

Халықтың денсаулығы, оның ішін­де репродуктивті және жыныстық мәсе­ле­лер өзекті. Некеге тұрғандардың шамамен 16 пайызы бедеуліктен зардап ше­геді. Әйелдер үй шаруашылығымен айналысып, ерлерге қарағанда әлдеқайда көп күш жұмсайды. Сондықтан отбасында теңдікті қамтамасыз ету қажеттілігі барған сайын маңызды болып отыр. Отбасындағы гендерлік қатынастың тең әрі үйлесімді болуы – жалпы қоғамның үй­лесімділігіне әсер етеді, оның дамуы мен өркендеуіне ықпал етеді.

Қазіргі уақытта бұл мәселелердің бар­лы­ғы «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» аясында шешілу үстінде.

Қазақстан мен оның азаматтарының жет­кен жетістіктері – мемлекеттік тұтас­тық­ты дамытудағы стратегиялық жолды таңдаудың дұрыстығы мен еліміздің зор әлеуетінің көрінісі.

2020 жылы Қазақстан басқа елдермен қатар коронавирус пандемиясына тап болғаны белгілі. Мемлекет індеттің таралуын тежеп, азаматтарды қолдау үшін қажетті шараларды қабылдады. Мем­лекеттік органдар мен қарапайым қазақ­стандықтардың бірлескен күш-жі­ге­рінің арқасында пандемия елге тым қат­ты соққы болып тиген жоқ.

Қазір еліміз әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына енуге сенімді қадам ба­сып келеді. Елбасы бұл мақсатты «Қа­зақ­стан – 2050» Стратегиясында нақ­ты белгілеген еді.

Алдағы жылдарға қойылған жос­парлар да ауқымды. Халықты әлеу­мет­тік қолдау саласы елдің Әлеуметтік кодек­сі­мен реттелетін болады. Мемлекеттің әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар жө­ніндегі барлық әлеуметтік мін­дет­те­мелері толық көлемде орындалады. Дә­рігерлердің жалақысы 2,5 есе, пе­да­гог­тердің жалақысы 2 есе өседі. 2022 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап ең тө­мен­гі жалақы өседі. Орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа жеткізу көзделіп отыр. Сыртқы экономикалық саясатта қа­зақстандық экспортты ілгерілету мәсе­лесі маңызды басымдыққа ие болмақ.

Уақыт өте келе қоғам алдында жаңа мі­н­­деттер пайда болады. Дегенмен, алға бас­тайтын бағыт-бағдар айқын. Тә­уел­сіз­дік жылдары жеткен жетістіктер мен осы уақытта жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, болашаққа нық қадам басамыз. Әрбір қазақстандық ертеңгі күніне сенімді. Біздің тәуелсіздігіміз бо­ла­шаққа бағдар алады. Еліміздің тұ­рақ­ты дамуы халықтың өмір сүру дең­гейін одан әрі арттыруға үлкен үміт сыйлайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев өз қызметінде дәл осы мақсатты көздеді, әлі де осы бағыт­тан тайған жоқ. Ол дана да әділ басшы ре­тін­­де, халыққа ашық, жүрегі кең адам ре­тінде танылды.

Газет бетінен отандастарымды Қа­зақ­стан Тәуелсіздігінің 30 жыл­ды­ғы­мен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Ба­р­ша­ңызға шын жүректен зор ден­сау­лық, мем­лекетіміздің өркендеуін, жа­қын­да­рыңызға амандық, жарқын бола­шақ тілеймін.

Айткүл САМАҚОВА,

мемлекет және қоғам қайраткері

egemen.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар