Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы реформаларды іске асыру жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов баяндама жасады. Ол әлеуметтік кодекстің әзірленуі, зейнетақы жүйесінің жаңғыртылуы туралы айтты. Аталған мәселе бойынша Президенттің экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти де өз пікірін білдірді.

Баяндаманы және қатысушылардың пікірлерін тыңдаған Мемлекет басшысы пандемия әлеуметтік-экономикалық дамудың проблемаларын ашып көрсеткенін және олардың шиеленісе түскенін атап өтті. Президент халық табысының өсу қарқыны баяулап, әлеуметтік теңсіздік мәселесінің ушығуы басты түйткілдердің бірі деп санайды. Оның айтуынша, бүкіл әлемдегідей Қазақстанда да бизнес пен халыққа қолдау көрсету үшін дағдарысқа қарсы әртүрлі шұғыл бастамалар мен шаралар жүзеге асырылды. Бұл тәуекел-қатерлерді азайтуға және еліміздің экономикалық ахуалын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

– Үкімет тиісті шараларды қабылдады деп санаймын. Пандемиядан сабақ алып, әлеуметтік саясатымызды жаңа жағдайларға жүйелі түрде бейімдеуіміз керек. Жалпы, ұсынылып отырған мақсаттар мен міндеттерді қолдай отырып, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекстің жаңа «қоғамдық шарттың» негізгі бөлігіне айналуы қажет екенін айтқым келеді. Кодекс бойынша мемлекет жаңартылған әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді. Алайда, барлық қазақстандық болашағын ойлап, өздеріне жауапкершілік пен міндеттемелер ала бастауы керек. Әлеуметтік жаңғырудың барлық құралы нақты жұмыс істеп, азаматтар мен бизнес үшін түсінікті болуға тиіс, – деді Президент.

Жиын барысында Президенттің экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова банк секторының дамуы және құнды қағаздар нарығы туралы тиімді макроэкономикалық саясат бойынша Консультативтік комитеттің есебін ұсынды.

Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын басқару стратегиясының тиімділігін арттыру жөнінде  Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев баяндама жасады. Активтерді басқару стратегиясын одан әрі жетілдіру үшін жаңа стратегиялық аллокацияға көшу, инвестициялық үдеріске ESG факторларын енгізу, акциялардың портфельдерін хеджерлеу (нарықтық тәуекел-қатерлерден сақтандыру), сондай-ақ активтерді басқару үдерістерінің цифрландырылуын қамтамасыз ету шаралары ұсынылды.

Ұлттық банктің болжамына сәйкес кепілдендірілген трансферттердің азаюына байланысты 2022-2030 жылдар аралығында Ұлттық қорға түсетін қаржы көлемі 20 миллиард долларды құрайды. Нәтижесінде Ұлттық қордың активтері 2030 жылға қарай 100 миллиард долларға жетеді. Оның кемінде 50 пайызы инвестициялық табыстан түседі.

Биыл Реформалар жөніндегі жоғары кеңес ел дамуының барлық бағытын қамтитын 20-дан аса мәселені қарастырды.

Жиын соңында кеңес мүшелері алдағы 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

 

Дереккөз: www.akorda.kz


Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар