Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Бурабай баурайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және атақты бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған «Қансонар-2021» аңшы құстармен аң аулау шеберлері арасында халықаралық турнир басталды.
Турнирге Моңғолия, Қырғызстан, Қытай, Венгрия және Қазақстанның өзге облыстарынан келген атақты құсбегілер 60-қа жуық жыртқыш құстарды әкелді.
«Құсбегілер «Бүркітпен аң аулау», «Сұңқармен аң аулау», «Қаршыға аң аулау» бағдарламаларында жылдың үздік аңшысы атағы үшін өзара сайысады.