2021 жылғы қаңтар-қазанда өңірімізге құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 150438,2 миллион теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 16,9 пайызға жоғары.
Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының едәуір көлемі жеке құрылыс ұйымдарымен 77,1 пайызға орындалды.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2020 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 31,6 пайызға көбейіп, 121574,9 миллион теңгені құрады. Күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2020 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 5,2 пайызға көбейсе, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 35,4 пайызға азайды.
Салынып жатқан объектілердің түрлері бойынша едәуір көлемі өнеркәсіптік ғимараттар (28,1%), беріліс құрылғылары (19,4%), автомагистральдар (жер үстіндегілерден басқа), көшелер, жолдар, теміржолдар, аэродромдардағы ұшу-қону жолақтары (17,2%), тұрғын ғимараттар (9,1%), кен өндіру және өңдеу өнеркәсібіне арналған құрылыстар (5,3%) құрылысына жатады.
Құрылыс жұмыстары көлемдерінің өсуі облыстың тоғыз аудандары мен Степногорск қалалық әкімшілігінде белгіленді. Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы Есіл (71,2%-ға), Шортанды (49,8%-ға), Атбасар (44,8%-ға), Егіндікөл (43,5%-ға), Ақкөл (38,3%-ға) аудандарында және Степногорск қаласында (4,6 есе) байқалды.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті.