Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Авиценнаның» жұмысына көңілім толды - АРҚА АЖАРЫ

«Авиценнаның» жұмысына көңілім толды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болғанын, осы орайда, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру қажеттігін айтты. Дана халқымыз «Бірінші байлық–денсаулық» деп бекер айтпаған. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Осы бағытта Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарғаны көңілге қуаныш ұялатады.

Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар аз емес екені, олардың халықты кері үгіттеуі алаңдатады. Дегенмен, мемлекетіміз бұл індеттің одан әрі жайылмауына қарсы бар мүмкіндікті пайдалануда. Президент өз Жолдауында «Дені сау ұлт» жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау, медицина саласына қомақты қаржы құю қажеттігін айтты.

Бұл қаржы инфрақұрылымдарға, мамандар даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалатыны көңілімнен шықты. Фармацевтика өнеркәсібіне де ерекше көңіл бөлініп отыр. Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы Қазақстанда шығарылады. Президент оны 2025 жылы 50 пайызға жеткізу қажеттігін айтты. Денсаулық кепілі – дене шынықтырумен айналысу. Өз басым спортпен шұғылданамын. Жергілікті билік бұған көп жағдай жасап келеді.

Тәуелсіздік жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы біршама жақсарды. Өңірімізде жаңа кәсіпорындар, білім мен денсаулық сақтау саласының мекемелері, зәулім-зәулім тұрғын үйлер салынды. Мәселен, биылғы жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақысы, зейнеткерлердің зейнетақысы көтерілді. Еңбектері адал дәрігерлердің еңбекақысы көтерілгені жөн болды.

Жуық арада көзімнің 80 пайызы көрмей қалып, ақ халатты абзал жандар ота жасады. Ақмола облыстық ауруханасындағы бөлім меңгерушілері Берік Нұрханов, Абай Қасымов, дәрігер Рақия Кәрімова және медбикелер бар күш-жігерлерін салды. Мұнда келген біршама зағип адамдардың көзі көріп, қуаныштан жылағанын көзім көрді. Осының бәрі ақ халатты абзал жандардың ерен еңбектерінің арқасында келген қуаныш. Көзі көрмеген адамның өмірі өте қиын. Күнің қараңғы болады. Осы қара түнектен алып шыққан аталмыш дәрігерлерге айтар алғысым шексіз.

Кейін қан қысымым көтеріліп, бас дәрігер Бануржан Жанғалов басқаратын «Авиценна» аурудың алдын алу мекемесінде емделдім. Мұнда өз мамандығын жетік білетін кардиолог Қарлығаш Жахина, эндокринолог Нұрлыгүл Төреғожина, ревматолог Күлия Хабылхан сияқты дәрігерлер қызмет көрсетеді. Бұл аурухана бұрындары темір жол саласына қарайтын. Ғимараттың іші мен сырты әбден тозған еді. Бүгінгі күні жекеменшік мекеме адам танымастай өзгерген.

Медициналық және спорттық қондырғылар мен аспаптар қойылған арнайы бөлмелер жұмыс істейді. Күрделі жөндеуден өткен палаталары мен дәліздері кең әрі жарық, төсек орындары тап-таза. Төрт мезгіл тамақ беріледі. Жылы жүзді Балшекер Сүлейменова, Марина Замараева, Зүлфия Малғаждарова, Гүлнәр Қапарова, Әйгерім Қоқышева сияқты медбикелер тәулік бойы жұмыс істеп, уақытында ем-дом жасауда. Осының бәрі медицина саласы қызметкерлерінің ерен еңбектерін айғақтай түседі. Сөз соңында денсаулық сақтау саласының одан әрі дами беруін және ақ халатты абзал жандардың еңбегінің жемісін тілеймін.

Мүтікпай ЖҮСІПОВ,
құрметті теміржолшы.
Краснояр ауылы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар