Ақмола және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақмола облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 737 Жарлығымен енгізілген Ақмола облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 15 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын» делінген жарлықта. Сондай-ақ дәл осындай арнайы жарлықпен Қостанай облысында да төтенше жағдай режимі тоқтады. Бқл жарлықтар қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Дереккөз. ҚазАқпарат