Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қойылған талаптар орынды - АРҚА АЖАРЫ

Қойылған талаптар орынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі депутаттары алдында сөйлеген сөзінде ел дамуының жаңа бағытта жүретінін, жаңғыру кезеңінің басталатынын мәлімдеді. Оның бұл сөзі шын мәнінде үлкен өзгерістер әкелетініне сенім мол. Ел дамуына қатысты қай салаға болмасын нақты тапсырмалар жүктелді. Біз осынау үрдісте, әрине, өз саламызға қатысты мәселелерді мұқият тыңдадық.

Шын мәнісінде экономика, кәсіпкерлік, орта және шағын бизнес туралы көбірек айтылды, десек артық болмас. «Ең алдымен, еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет. Үкімет бүкіл өнеркәсіп саласына терең талдау жұмысын жүргізуі тиіс» деді Президент. Әрине, жан-жақты, терең талдау жүргізілсе, бірқатар кемшіліктер, қол байлап отырған тұстар анықталып, содан соң жаңа идеялардың туындауы сөзсіз. Бәлкім заңдарда, бәлкім жүйеде таптаурын бірізділік, бюрократтық тосқауылдар тәрізді қателер орын алып отырған шығар. Қалай болғанда да терең сараптамалардың игі ықпалы көп.

Президенттің: «Экономикалық саясатымыздың мақсаты – айқын. Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту. Бұл жүйенің өзегінде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық» деген сөзінен кәсіпкерлер өздеріне деген үлкен жауапкершілікпен қатар, сенім жүгін де сезінеді. Сондай-ақ, «Яғни, бұл – өзінің және балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер. Дәл осындай кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын. Сол себепті, кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды. Мен бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтып, оның өсіп-өркендеуіне жол ашатын заңға қол қойдым. Үкімет осы заңның әлеуетін нақты іс жүзінде пайдалануы керек» деп атап көрсетілді. Шын мәнісінде әр кәсіпкердің ойында тек өз пайдасы емес, оның туған Отанына көмегі, қарапайым тұрғыны мен тұтынушысына деген жанашырлығы, еліне деген зор сүйіспеншілігі тұруы қажет. Ел-халық аман болып, елімізде бейбіт өмір, тыныштық болғанда ғана кәсіпкердің кәсібі өрге домалайды.

Алматыда, басқа қалаларда болған бүлікшілер зардабын қалпына келтіру кезіндегі кәсіпкерлердің игі іс-әркеттері олардың Қазақстанның патриоттары екендігін дәлелдеді. Олар құрылысшыларын жұмсап, құрылыс техникаларын тегін бөліп, басқалары жұмысшылар мен зардап шеккендерге тегін тамақ таратып, әртүрлі көмектер жасады. Бірқатар кәсіпкерлердің ешкімге ештеңе айтпай-ақ, көптеген көмек жасап жатқандығына мен сенімдімін.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» деген тақырыппен баяндалған сөзі елімізді дамудың жаңа, жедел жолына түсіреді, игі нәтижелер береді деп сенемін.

Ербол Оспанов,
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және туризм
басқармасының бастығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар