Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде елдегі қасіретті жағдайға байланысты ауқымды бағдарламалық сөз сөйледі, оның барысында жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүргізілетінін атап өтіп, қоғамымызда туындаған және жинақталған өткір
проблемаларды нақты тұжырымдады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде мемлекеттің саяси бағыты мен реформалардың жаһандық жоспары, білім беру мәселелері ерекше бақылауға алынатынын айқындады. Президенттің білім беруге және оның сапасын қамтамасыз ету тәсілдерін өзгертуге баса назар аударуы кездейсоқ емес. Білімге инвестиция салу – бүгінгі дағдарыстан шығу және Қазақстанның тұрақты дамуы үшін ең дұрыс жол.
Президент өз сөзінде сапалы білім берудің маңызды факторы мектептерді материалдық жабдықтау ғана емес, сонымен қатар, мұғалімдерді кәсіби даярлау болып табылатынына ерекше көңіл бөлді.
Облыстың білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті 23 мыңға жуық педагог қызметкер жүзеге асыруда, жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өткен педагогтардың саны 10 мыңнан асады. Жыл сайын облыстың білім беру ұйымдарына жұмыс істеу үшін 900-ге жуық маман, оның ішінде 400-ден астам жас педагог келеді.
Президент өңірлер үшін қолдау шараларының тиісті пакетімен үздік педагогтарды тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Сайып келгенде, бұл шаралар өңірлер үшін білікті педагог кадрлардың тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл білім беру сапасына оң әсер етеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы болашақ инженерлерді, өнеркәсіп қызметкерлерін даярлауға гранттарды ұлғайту қажеттігін атап өтті.
Бүгінде облыста шамамен 22 мың студент контингенті бар 32 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді. Колледждер өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие 97 мамандық және 165 біліктілік бойынша кадрлар даярлауды жүргізуде.
Өңірдің қажеттілігін ескере отырып, студенттердің 44 пайызға жуығы инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша білім алуда.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялаған болатын. Ағымдағы жылы балаларды әлеуметтік қорғау, қауіпсіздік, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жас қазақстандықтардың тұлғасын жан-жақты дамыту бойынша бағдарламалар іске асырылатын болады.
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы.