Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсы істерге жан сүйсінеді - АРҚА АЖАРЫ

Жақсы істерге жан сүйсінеді

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр, Нұрлы көш және Симферополь ауылдарында болып, халықтың тұрмысына қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Облыс орталығына қарайтын Краснояр селосында аймақ басшысы «Ақсай нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ат басын тіреді. Бұл кәсіпорынның нан және нан өнімдерін өндіруде облысымыздағы негізгі өндіріс орындарының бірі екендігін жұртшылық жақсы біледі. «Ақсай нанның» өнімдері Көкшетау қаласы мен Краснояр ауылының аумағында ғана емес, тұтастай Ақмола аймағында да сұранысқа ие болып келе жатқанына көп уақыт болды. Кәсіпорындағы күні-түні шығарылатын жүзден астам нан түрінің ассортиментімен танысып шыққаннан кейін Ермек Маржықпаев өндіріс орнының жұмысын жақсы жағынан ауызға алуымен бірге, ұжым жетекшісі Сәуле Соболевскаяға дүкен сөрелеріне төмен бағамен сатылған әлеуметтік нанды қайта қайтару мәселесін қарастыру жөнінде өз ұсынысын білдірді.

–Сіздердің өнімдеріңіз тұрғындар арасында айтарлықтай сұранысқа ие. Мен қызмет бабымен зейнеткерлер мен еңбек ардагерлері арасында жиі боламын. Олардың көбі «Ақсай нанның» өнімдерін ұнататындықтарын айтады. Сіздердің нандарыңызды аймағымыздың көп жерінде жақсы таниды. Осы адамдардың мұндай сапалы нанды арзандау бағамен сатып алу жөнінде өтініштері де жоқ емес. Тұтынушылар көңілінен шығып жүрген нандарыңыздың ондаған түріне қоса, жұмсақ тоқаш пен торттың да бірнеше түрлерін пісіретіндеріңізді жақсы білеміз, – деді өз сөзінде аймақ басшысы.

Өз кезегінде Сәуле Соболевская облыс әкімін кәсіпорынның жұмыс ырғағымен таныстыра жүріп, серіктестіктің бұл мәселені міндетті түрде қарап, оң шешуге тырысатындығын айтты.
Бұдан кейін осы Краснояр ауылындағы бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек орталығында болған Ермек Маржықпаев мұндағы жұмыстың жақсы жолға қойылуына да ризашылық білдірді. Осы заманғы ғимарат, ұжым мүшелерінің ортақ іске жылы көзқарастары, жиырмадан артық мамандардың шоғырлануы жергілікті тұрғындар үшін көз қуанышына айналуда. Медициналық мекеменің бас дәрігері Серік Сахиевтің айтуынша, орталық осы заманғы барлық талаптарға толық жауап береді. Облыс әкімі осы ретте, бүгінгі таңда мұнда қандай проблемалардың барын сұрап білді.

Бұл сұраққа бас дәрігер іс жүзінде ондай проблемалардың жоқтығын, тек бір ғана мәселе – орталық канализация жүйесінің болмауы қинап келе жатқанын атап көрсетті. Міне, бірнеше жылдан бері медициналық мекеменің тұрмыс қалдықтары септиктерде жиналып қалды. Аймақ басшысы сол арада Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайсаға жедел түрде бұл мәселені шешуді, яғни, орталыққа өмірлік қажеті бар коммуникациялық желіні тез тартып беруді тапсырды.

Алдыңғы жылы пайдалануға берілген осы ауылдағы блоктық-модульдік қазандық елді мекеннің дамуына айтарлықтай негіз қалап отыр. Қазандық пайдалануға берілгеннен бері мұнда тұратын тұрғындардың үштен бірі соған қосылып, қолдан от жағуды ұмыта бастаған. Бүгінгі таңда барлық көппәтерлі тұрғын үйлер осы қазандық арқылы жылытылады. Қазандық жұмысы туралы әңгімелеп берген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Руслан Мақышев Краснояр ауылын орталықтандырылған жылумен толық қамтамасыз ету үшін қосымша бу қазандықтарының керек екендігін алға тартты. Аймақ басшысы бұл мәселеге де сол арада пәрмен беріп, неғұрлым тездетіп жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға тапсырма берді.

Тағы бір қуанышты жай, красноярлық спорт жанашырларының сұрауы бойынша атқарушы билік ауылда дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысын да жүргізбекші. Облыс әкімі осы құрылыс қолға алынады деп отырған сол бос жерді де барып көрді. 14 мың тұрғыны бар ауыл шынында мұндай спорт кешеніне мұқтаж. Оның үстіне елді мекенде әртүрлі спорт түрлерінде көзге түсіп жүрген қыз-жігіттер де аз емес. Сондықтан, Ермек Маржықпаев бұл болашақ құрылысты қолдап, оны тезірек бастау қажеттігін айтты.

Нұрлы көш ауылында аймақ басшысы 280 балаға арналған бала бақшаның құрылысымен танысты. Мұнда қазір жаңа бала бақшаның іргетасы құйылып, бірінші қабатының қабырғалары көтерілуде. Сол жерде құрылысты жүргізіп жатқан «Тараз Құрылыс Инвест» серіктестігінің өкілі Қасымхан Оразалымен болған әңгімеде құрылысшыларды жергілікті тұрғындардан алу жөнінде әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, керек жұмысшылар қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы да алынуы тиіс деген талап та қойылды. Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса да облыс әкімінен Нұрлы көш ауылындағы үйлердің мәселелерін биылғы жылы толық шешу жөнінде тапсырма алды. Мұндағы қандастарымызға арналған тұрғын үйлердің көңілден шықпайтын мәселелері шеттен келген ағайынды әлі де қинап келе жатқандығы жасырын емес. Облыс әкімінің айтуынша, осының бәрі биыл түбегейлі, біржола шешілуі тиіс.

Симферополь ауылында жергілікті мектепке қосымша жаңа ғимарат салынған болатын. Осы заманғы ғимарат қазірдің өзінде көптің көңілінен шығуда. Бұл күнде ауылда ашылған бүкіл спорт үйірмелері осы ғимаратта шоғырланған. Оны аралап шыққан облыс әкімі құрылысты салған мердігерлердің жауапкершілігі мен күш-жігеріне риза болып, алғысын айтты. Сол жерде осындай құрылыстың 2022 жылы Застанционный шағын ауданында да салынатындығы, оны да осы Симферополь ауылындағы спорт нысанына қарап салса, артық болмайтындығы туралы өз ойын білдірді. Әкіммен кездесуге келген жергілікті ақсақалдар жастарға керек осындай құрылыстың дер кезінде іске қосылғанына облыс әкіміне ризашылығын білдірді.

–Сізге көптен көп рахмет. Мына спорт залы пайдалануға берілгеннен бері ауыл жастары мен мектеп оқушылары бос уақыттарын мазмұнды өткізетін болды. Бүгінгі таңда осында жаттығу жасауға тек біздің балалар ғана емес, көрші ауылдардың да балалары келіп жүр, – деді өз сөзінде ауылдың үлкені Қуаныш Жәпіш.

Азат РАЙЫМБЕКОВ,
Асылай АЙЖАРЫҚОВА.
Суреттерді түсірген Валентина ОТТ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар