Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қауіпті індеттен арылудың басты жолы ревакцинация жасату - АРҚА АЖАРЫ

Қауіпті індеттен арылудың басты жолы ревакцинация жасату

Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермекұлы Сыздықов «Ағымдағы эпидемиологиялық ахуал туралы» мәлімдеме жасады.

Облыста 562 денсаулық сақтау нысанының 23-і стационарлық көмек көрсететін ұйым, жедел жәрдем станциясы, қан орталығы және 531 амбулаториялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы бар. Оның 377-сі медициналық пункт, 47-сі ФАП, 100 дәрігерлік амбулатория, 6 емхана, 1 ПМСП орталығы, сондай-ақ, басқа 6 денсаулық сақтау ұйымы қызмет істейді.

Бүгінгі таңда 16 жұқпалы аурулар ауруханасында 870 жұқпалы ауруларға арналған және 105 реанимациялық төсек-орын орналастырылған. Ал, жұқпалы аурулар стационарларында 432 науқас ем қабылдап жатыр, төсек-орын 50 пайызды құрайды. 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, олардың төсек-орынмен қамтылуы 28 пайыз. Эпидемиологиялық жағдайдың пессимистік сценарийі жағдайында 3000-нан астам төсек-орын қоры қарастырылған. Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік медициналық ұйымдарда 6 984 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 1 483-і дәрігерлер болса және 5 501-і орта медицина қызметкерлері.

Дәрігерлік амбулаториялық емханаларда 570 медицина қызметкері (94 дәрігер, 242 СМР, 234 депутат) жұмыс істейді. Жұқпалы аурулар төсек-орнына жататындарды ем-дом жасауға 930 медицина қызметкері (176 дәрігер, 391 СМР, 363 депутат) тартылған. Тағы резервте 332 медицина қызметкері болса, оның 102-сі дәрігерлер.

Қолданыстағы төсек-орынмен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды. Жедел медициналық көмекті орталықтандырылған негізде облыстық жедел жәрдем станциясы көрсетеді. Анығырақ айтсақ, қызметкөрсететін бір қалалық, 36 ауылдық жедел жәрдем бөлімшесі бар. Ауылдық елді мекендердің қамту аумағы 27,2 пайыз, нәтижесінде ауылдық елді мекендердің 67,6 пайызы және қала халқының 100 пайызы қамтылған. Облыстық жедел жәрдем станциясының сыйымдылығы 68 тәулік бойы жұмыс істейтін бригада, оның ішінде 9-ы медициналық мамандандырылған және 59 фельдшерлік бригада қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, 100 пайызды қамтитын 126 жедел жәрдем көлігі бар және 100 пайыз медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес аясында Ақмола облысының медициналық ұйымдарында 802 миллион теңге сомасында стационарлық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 2 айлық қоры қалыптастырылған. Онда 458 247 антибиотиктер, 105 384 антикоагулянттар, оның ішінде 37 066-сы инъекциялар, 68 318-і таблеткалар, 66866-сы гормоналды препараттар, 32 364-і вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер болса, 147 879-ы қызу түсіретін дәрілік заттар.

Күндізгі стационар деңгейінде 105 миллион теңгенің дәрілік заттар бар. Амбулаторлық деңгейде тегін қамтамасыз ету ге берілетін дәрілік заттардың қалғанының жалпы сомасы 79 миллион теңгені құрайды. Олардың ішінде 64574-і қан ұюға қарсы препараттар болса, 100684-і қызуды басатын дәрілер.

Облыста 133 егу пункті мен 135 мобильді бригада жұмыс істейді. Тұрғындарға вакцинация жасауға 564 медицина қызметкері тартылған. Олардың 200-і дәрігерлер болса, 391-і орта медицина қызметкерлері. Сонымен қатар, екпе салу жұмыстарына 11 жылжымалы медициналық кешен тартылған. Олар, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандарында орналасқан.

– Вакцинация және ревакцинация – меншік түріне қарамастан ұйымның, яғни, жұмыстың тоқтап қалуының алдын алудың жалғыз әдісі. Мәселен, 100 пайыз вакцинацияланған ұжымның бір қызметкері ауырып қалса, оның жұмысы әдеттегідей штаттық режимде жалғаса береді.

Қайта ол ұжымда 100 пайыз вакцинацияланған және қайта вакцинацияланған қызметкерлер болған жағдайда, олардың ешқайсысы карантинге жіберілмейді,– деген Нариман Ермекұлы вакцинация алмаған жағдайда, барлығы ПТР анықтама алуға және карантинге жіберілетінін де жеткізді. Осы сәтті пайдалана отырып, барша тұрғындарды екпе алып, уақытылы ревакцинациядан өтуге шақырды. Өйткені, біздің денсаулығымыз бен жақындарымыздың денсаулығы тек өз қолымызда. Жалпы, бүгінгі облыстағы жағдай тұрақты. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар