Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оқу жылының үшінші тоқсанындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері - АРҚА АЖАРЫ

Оқу жылының үшінші тоқсанындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов «Білім беру ұйымдарында оқуды бастау туралы» хабарлама жасады.

Ағымдағы оқу жылының үшінші тоқсанында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы мәлімдеме жасаған басқарма басшысы елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты 3-тоқсанның басталу мерзімі осы жылдың 10 қаңтарынан 17 қаңтарға ауыстырылғанын жеткізді.

Осыған орай «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің 14 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес 133103 оқушыны қамти отыра 552 жалпы білім беретін мектеп 17 қаңтардан оқу процесін бастап кетті. Осылайша өңірімізде меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысына рұқсат етілді.

Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарының 600 оқушыға дейінгі мектептері штаттық оқыту форматында жұмыс істейді және ауылдық мектептерде – оқытудың штаттық форматы жүзеге асырылады. Сонымен, 600-ден астам оқушысы бар облыс және аудан орталықтарындағы мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін штаттық оқыту форматында, 6-11-сыныптарды қашықтықтан оқыту форматындағы жұмыстар жалғасуда. 6-сыныптан 11-сыныпқа дейін 1004 сынып жиынтығы бар 45 мектеп оқушыларға білім береді.

Онда 23084 оқушы қашықтықтан оқиды, оның ішінде 688 оқушы роутермен және 2186 оқушы компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

Қаулыға сәйкес мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған оқушыларды штаттық форматта оқытуға жол беріледі. Бүгінгі күні облыста вакцина алған 1896 оқушы бар, олардың барлығы штаттық режимде оқуын жалғастыруда. Оның ішінде 45 мектепте 510-ы қашықтықтан оқыту форматына көшкен.
Бейбіт Жүсіповтың мәлімдеуінше, ү шінші тоқсанда облысымыздағы 552 жалпы білім беретін мектепте, оның ішінде 447 асхана мен 105 буфет жұмыс жасап, тамақтандырумен қамтамасыз ету жалғасуда екен.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 15379 баланы жаппай оқыту қорынан тегін және жеңілдік жасай отырып тамақпен 100 пайыз қамту қамтамасыз етілген. Оған қоса, 1-сыныптың 15074 оқушысына тегін ыстық тамақ беруқамтылуда.
Мектептегі үйірме және секциялық жұмыстары өз жұмысын жалғастыруда. Ақмола облысының Бас санитарлық дәрігерінің 14 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес бұқаралық іс-шараларды өткізуге әлі де тыйым салынады. Олар, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық орындар. Білім беру ұйымдарында өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар онлайн форматта өткізілетін жүзеге асатын болады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сабақтар 24 қаңтардан басталады. Облыстың барлық колледждері сабақтарды аралас форматта өткізетін болады, яғни дәрістер онлайн форматта, ал зертханалық, практикалық, семинарлық сабақтар штаттық режимде өтетін болады. Негізінен бұл кәсіпорындар, ұйымдар базасында кәсіби практикада болатын жоғары курс студенттері, бұл шамамен 2 мың студент. Бүгінде вакцинаны 100 пайыз алған студенттер тобы бар. Олар штаттық түрде оқитын болады және бұл шамамен 5 мың студент, деп атап өтті басқарма басшысы.

Қазіргі таңда Ақмола облыстық білім басқармасының және аудандық білім бөлімдерінің колл-орталықтары жұмыс жасап тұр. Сол арқылы ата-аналар өздеріне қажетті барлық ақпаратты алуларына болады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар