Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі Ақмола облысында ілкі режимде іске қосылады - Қарашөкеев - АРҚА АЖАРЫ

Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі Ақмола облысында ілкі режимде іске қосылады — Қарашөкеев

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жүйесін түзету бойынша ұсыныстар әзірленді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында саланы мемлекеттік қолдау жүйесін түзету бойынша ұсыныстар әзірленді. Бұл, ең алдымен, оның тетіктерін оңайлатуға және бағыттарды оңтайландыруға, түпкілікті нәтижеге бағдарлануға бағытталатын болады.
Сондай-ақ, субсидия алушылар нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді міндетті түрде қабылдайтын норма енгізіледі», — деді министр. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта ұсыныстарды АӨК-ні мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бойынша құрылған жұмыс тобы қарауда.
Оған салалық қауымдастықтар мен одақтардың, агробизнестің, ғылымның, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары кірді. Қазіргі уақытта жұмыс тобының үш отырысы өтті.

«Жұмыс топтарын өткізу қорытындысы бойынша 2022 жылғы наурызда субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша түпкілікті өзгерістер топтамасы Үкіметтің қарауына енгізу жоспарлануда. Бұдан басқа, министрлік субсидиялаудың бірыңғай интеграцияланған мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірледі. Субсидия алушылар үшін ақпараттық жүйенің қызметтері тегін болады. Қазіргі уақытта біз оның тестілеуін Ақмола облысында ілкі режимде іске қосамыз», — деді Ербол Қарашөкеев.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар