Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыз судың сапасы бақыланып отырады - АРҚА АЖАРЫ

Ауыз судың сапасы бақыланып отырады

Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің басым бағыттарын іске асыру шеңберінде су тарату желілеріндегі ауыз судың сапасына сынамалар алу арқылы тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді.

Оның барысында қалалық және ауылдық жерлердегі су крандары, көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі су құбырлары желілерінен және бақылаудағы нысандардан су сынамаларын алу қадағаланады. Облысты ауыз сумен және шаруашылық мақсаттағы сумен қамтамасыз ету 348 су құбыры және 258 орталықтандырылмаған су көздері, яғни, құдықтар мен ұңғымалар есебінен жүзеге асырылады.

Халықты ағын сумен қамтамасыз ету 91,4 пайызды құрайды, оның ішінде 31,9 пайызы ашық көзден болса, 59,5 пайызы жер асты су көзінен. Соңғы 10 жылда динамика бойынша бұл көрсеткіштің 11 пайызға өскені байқалады. Қала халқының 99 пайызы, ауыл халқының 84,2 пайызы таза ағын сумен қамтамасыз етілген.

Суды тұтынудың үлестік мөлшері қала тұрғындарына 135 литр болса, ауыл тұрғындары үшін 80 литр. Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету – 7,75 пайыз, ал, ашық су қоймаларынан қамтамасыз ету – 0,01 пайыз. Бұл – Жақсы ауданының, Баяғыз ауылында. Сондай-ақ, 22 ауылда тұрғындарының басым дені тасымалданған суды пайдаланады.

Санитарлық қызметтің бастамасымен соңғы 10 жылда 90-нан астам иесіз су құбырларының ведомстволық меншікке өту мәселесі шешілді. Қазіргі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдері мен әкімдіктердің балансында 203 нысан қалды. Санитарлық талаптарға сәйкес су сапасына өндірістік бақылау халыққа суды дайындау мен жеткізудің барлық кезеңдерінде жүргізіледі.

Облыс бойынша 331 орталықтандырылған сумен жабдықтау нысанында 95,1 пайыз ауыз су сапасына ведомстволық бақылау жүргізілуде, оның ішінде 37 су құбыры 4 өндірістік зертханамен қамтылған, бұл көрсеткіш 2020 жылы 91,5 пайызды құрады.

Ағымдағы жылғы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, сапасыз ауыз суды пайдалануға байланысты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Тиімді шаралардың бірі – балалардың А вирусты гепатитіне қарсы жоспарлы түрде екпе жасалуда. Биыл 7480-ге жуық адам екпе алды. Ақмола облысында барлығы А гепатиті бойынша екі жағдай тіркелді, Бурабай мен Сандықтау аудандарында орын алды. 2020 жылы үш жағдай тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш бір жағдайға азайған. Профилактикалық иммундау үшін вакцина қоры жеткілікті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар