Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Эпидемиологиялық ахуал тұрақты болмай тұр - АРҚА АЖАРЫ

Эпидемиологиялық ахуал тұрақты болмай тұр

Елде коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандардың саны күрт өскен. Ағымдағы жылғы соңғы ақпараттарға жүгінсек, бір күнде аймақта коронавирус індетін жұқтырғандар саны 1200-ге дейін жеткен.

Пандемия басталғалы бері өңірде мұндай жоғары көрсеткіш тіркелмеген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.

Бүгінде коронавирус жұқпасымен күресуге арналған стационарларда 539 науқас ем қабылдауда. Өңірде әзірленген төсек-орын қорының жүктемесі – 45 па-йызды қамтып отыр. Індетті жұқтырған 21 науқас жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр жандардың 90 пайызы, яғни, 19-ы індетке қарсы вакцина алмаған. Ал, қалған екеуі уақытында ревакцина алмаған.

–Бүгінде облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Соңғы талдауларға сүйенетін болсақ, ауырғандардың 63 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған және бұл індетпен бірінші рет ауырған. Ал, науқастардың 30 пайызға жуығы ревакцинациядан өтпеген жандар. Сонымен бірге, 150-ге жуық адам індетпен қайталап ауырған, –дейді өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Жалпы, Ақмола облысында 133 егу пункті жұмыс істейді. Бүгінгі күні «Файзер» вакцинасының бірінші компонентін 5739, ал, екіншісін 3276 адам алған. Сондай-ақ, аталмыш вакцинаны жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар белсенді алуда.

–Біз «Файзер» вакцинасы бойынша талдау жүргіздік. Қараша айынан бастап 3 мыңнан астам жасөспірім осы вакцинаны алды. Солардың ішінен тек 2 жасөспірім ғана ауырып қалды. Оның өзі бұл 2 компонентті алып үлгермегендіктен орын алған, яғни, олардың имунитеттері әлі толық қалыптаса қоймаған. Бала емізетін аналардың бесеуі вирус жұқтырған. Алайда, асқынулар жоқ. Ал, «Файзер» вакцинасын алған жүкті әйелдердің ешқайсысы коронавирус инфекциясымен ауырған жоқ. Мұның барлығы бұл екпенің қаншалықты тиімді екенін көрсетеді, – деді Айнагүл Советқызы.

Елде ревакцинациядан өту процесі өткен жылдың қараша айынан басталған болатын. Бұл өңірдегі эпидахуалдың тұрақталуына біршама ықпал етуі тиіс шара.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар