Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Вакцина алмағандар қатары әлі де аз емес - АРҚА АЖАРЫ

Вакцина алмағандар қатары әлі де аз емес

Облыста коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде. Жыл басынан бері әлден COVID-19 зертханалық жолмен 8690 адамнан дәлелденіп, соңғы аптадағы өсім көрсеткіші 3,3 есеге дейін артты.

Жағдайдың ушығып бара жатқанына байланысты өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов осы деректерді келтіріп, дабыл қақты.
Соңғы аптада, яғни, 2022 жылғы 18-24 қаңтар аралығында облыста COVID-19 індетін жұқтырудың рекордтық саны тіркелді. Атап айтқанда, коронавирусқа шалдығушылар саны күрт өсіп, 6 404 адамға жетті, оның алдыңғысында 1931 жағдай орын алған болатын. Осыған орай, апталық өсім 3,3 есеге дейін көбейген. Өткен тәулікте індет жұқтырғаны зертханалық расталған 998 науқас анықталса, олардың 947-інде ауру белгілері айқын, ал, қалған 51 жағдайда ешбір симптом болмаған.

– Бүгінгі таңда облыстың инфекциялық стационарларында 606 науқас ем алуда, төсек-орын жүктемесі 51 пайызды құрап отыр. Індетке шалдыққандардың ішінде 36 адам реанимация бөлімінде, олардың 24-інің жағдайы ауыр, 4-еуі өкпені жасанды желдету аппаратында, 113-і ылғандандырылған оттегімен дем алуда, – дей келе, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы өңірдегі вакцинациялау мәселесіне баса назар аударды. Облысқа 2021 жылдың ақпан айынан бастап барлығы 1 миллион дозадан астам әртүрлі вакцина жеткізілген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Спутник Лайт вакцинасының 4000 дозасы әкелінді. Бүгінде бұл дәрілерді аудандарға бөлу мәселесі шешілуде, жақында облыстың медициналық ұйымдарына таратылады.
Облыстың бас дәрігері Нариман Сыздықов баяндамасында өңірдегі вакцина алғандардың жалпы сандарына тоқтала келіп, Pfizer екпесін алған жасөспірімдер мен аналардың, жүкті әйелдердің одан кейін коронавирусқа шалдықпағанын атап өтті. Өңірде коронавирусқа қарсы вакцина алғандардың небары 53092-сі, яғни, 36,6 пайызы қайта вакцинацияланыпты.

– Бүгінде қоймаларда вакциналардың жеткілікті саны бар, ешқандай дүрлігерлік себеп жоқ. Облыс тұрғындарының ішінде вакцина алуға денсаулық жағдайлары келетіндердің 226,9 мыңы әлі екпе алмаған. Сол вакцинацияланбағандардың 3,7 пайызы немесе 8 347-сі коронавирус инфекциясын жұқтырды. Вакцинацияланғандардың ішінен де 343 адам осы індетті жұқтырды. Оның ішінде 254 адам – Спутник V, 65 адам – QazVak, 23 адам – Sinofarm, 1 адам- Pfizer алған. Реанимацияға түскен 36 науқастың тек 1-еуі ғана вакцинаның алғашқы бөлігін алған. Елімізде 55 мың жүкті әйел Pfizer вакцинасын алған, олардың арасында індетке шалдыққандар жоқ, –деді Нариман Ермекұлы.

2022 жылдың басынан 17 өлім жағдайы тіркеліпті. Солардың 5-еуі Спутник вакцинасын алса да, індетке шалдығып, медициналық ұйымдарға дер кезінде хабарласпай, өздігімен ем жасап, соның салдарынан қайғылы жағдайға ұшыраған екен. Сондықтан, денсаулық басқармасының басшысы брифингте өңір тұрғындарын жұқпалы дерттен сақтану үшін вакцина және ревакцина алып, карантиндік-санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар