Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмысқа қабылдаған мекемеге субсидия төленеді - АРҚА АЖАРЫ

Зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмысқа қабылдаған мекемеге субсидия төленеді

Қарағанды облысында биыл «Күміс жас» республикалық жобасы іске қосылады. Бағдарлама зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмысқа орналастыруға көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылға жоспар – 534 адам. Жұмыс берушілерге осындай қызметкерлердің жалақысы 30 АЕК мөлшерінде субсидияланатын болады. Әдетте, қандай да бір себептермен жұмысынан айрылған аға буын өкілдеріне еңбекке қайта орналасу өте қиын. Жаңа жоба осындай жұмыссыздарға зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнын табуға көмектесуге арналған. «Өңірде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша субсидияланған жұмыс орындары құрылатын болады.

Атап айтқанда, аға буынға «Күміс жас» жобасы жұмысқа орналасуға көмектеседі. Біз зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыс іздеушіні жұмысқа қабылдауға ниет білдірген жұмыс берушінің жалақысын субсидиялаймыз. Жыл бойы ай сайын мемлекет тарапынан 30 АЕК төленетін болады – бұл 91 890 теңге», – деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова. «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталықтарына немесе Еnbek электрондық еңбек биржасына жүгіну қажет.

Дерекөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар