Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оңтүстікте электр энергиясын өшіру себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды - АРҚА АЖАРЫ

Оңтүстікте электр энергиясын өшіру себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды

Қазақстанда оңтүстік өңірлерде электр энергиясын өшіру себептерін тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтаушы «КЕGOC« АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың туындауы және орын алу себептері мен шарттарын шынайы және жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Тексеріс нәтижелері бойынша орын алған технологиялық бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленетін болады», — деп атап өтеді министрліктен.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында электр энергиясы апаттық жағдайда ажыратылды. Сол күні сағат 16:00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлерінің тұтынушыларына жарық қайта берілді.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар