Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президент: Соңғы оқиғалар мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен жоғары екенін көрсетті - АРҚА АЖАРЫ

Президент: Соңғы оқиғалар мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен жоғары екенін көрсетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарына берген сұхбатында ел мүдделері мен әлемдік қоғамдастық алдындағы беделі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тележүргізуші Президенттен елдің мүдделерін біреумен жақсы қарым-қатынастан жоғары қоясыз ба деп сұрады. «Менің ойымша, соңғы оқиғалар мен үшін мемлекеттің мүдделері бәрінен жоғары екенін көрсетті.

Және «Платон менің досым, алайда ақиқат қымбатырақ» сөзін де көпшілікті қолдау үшін айтпадым немесе бұл жай ғана сөйлеу мәнері емес. Жоқ. Шын мәнінде, мемлекеттің мүдделері, әсіресе Президентке, Мемлекет басшысына қатысты болса, сөзсіз, бәрінен жоғары тұруы керек деп есептеймін.

Менің ойымша, бұл жақсы сигнал, оның ішінде мен шынымен жақсы қарым-қатынаста болған адамдарға да. Бірақ мемлекет мүддесі туралы сөз қозғалса, мен осы қарым-қатынастардан аттап өтуім керек», — деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының міндеті – өте қиын шешімдер қабылдау екенін атап өтті.

«Бүгін біз қарулы бандиттерге қатысты құқық қорғау органдарына берген бұйрығым туралы сөйлестік. Әрине, мен өзіме, өз беделіме нұқсан келтірген шығармын. Әлемдік қоғамдастықта мінсіз тұлға болу, қол алысу, сөз сөйлеу жақсы, ал сынға алған кездер өте жаман.

Бірақ мұндағы әңгіме мемлекеттің қауіпсіздігі туралы ғой және біз азаматтарымыздың қауіпсіздігін ойлануымыз керек. Барлық уақытта Президенттің миында осы сәт тұруы керек. Мен ешкімге үлгі көрсеткім келмейді, өйткені мемлекет басшыларының бәрі ақылды адамдар. Мен өзім туралы айтып отырмын», — деді ҚР Президенті.

https://www.youtube.com/watch?v=buRNV4_Cavo

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар