Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Виртуалды қойма модулін қолдану қажет - АРҚА АЖАРЫ

Виртуалды қойма модулін қолдану қажет

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.11.2021 жылғы № 1127 бұйрығына, оның ішінде «электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық шот – фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ЭШФ АЖ ӘК модулі арқылы жазылатын тауарлардың тізбесі 2022 жылғы 1 қарашадан бастап құрылыс материалдарына кеңейтілді.

Сонымен қатар, «тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен олардың құжат айналымын ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығына да өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте, ЭШФ жазып беру ӘК модулі арқылы жүргізілетін Тізбеге енгізілген СЭҚ ТН кодтары бар құрылыс материалдары бойынша ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилот 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап іске қосылатын болады.

ТІЖ ресімдеу кезінде техникалық мәселелер туындаған жағдайда «тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат» 32-жолда NON SNT көрсете отырып, ТІЖ-сінсіз ЭШФ жазып беру мүмкіндігі бар (ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба қағидаларының 30-1-т.).

Пилоттық жобаның мақсаты ТІЖ-ні енгізуге жұмсақ көшу және салық төлеушілерге ТІЖ-ні міндетті түрде қолдануға дайындалу мүмкіндігін беру болып табылатынын атап өтеміз.

Пилоттық жоба кезеңінде ТІЖ-ні уақтылы ресімдемегені, расталғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары көзделмеген.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар