Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қызыл суға мықты тосқауыл керек - АРҚА АЖАРЫ

Қызыл суға мықты тосқауыл керек

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев «Ақмола облысының аумағында қысқы кезеңнің өту барысы және су тасқыны кезеңіне дайындық» туралы хабарлама жасады.

Ол, жалпы, көктемгі қар суы  салдарынан болар тасқынға қарсы дайындық жаз айларында басталғанын айтты. Сол уақыттан бері 53 елді мекен маңайындағы 27,2 шақырым су жолдары, арықтар мен каналдар тереңдетіліп, кеңейтілген, 22 шақырымнан астам  өзен арналары тазаланған. 10,5 шақырым дамбалардың құлаған жерлері бекітіліп, жөнделіп, биіктетілген. 21 су өткізу қондырғылары, тұрбалар аршылған. Өңірлерде 217,3 тонна жанар-жағар май, 12,5 тонна инертті материалдар, 582 мың құм толтырылған қаптар даярланған. Облыс елді мекендерінен 132,4 мың текше метр қар шығарылған. Жоспарлы жұмыстар одан әрі жалғасуда.

Қанат Доспаев 2021-2022 жылғы қысқы кезеңнің басынан бастап 100 учаскеде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысының тоқтатылғанын мәлімдеді. Оның 54-і республикалық, 46-сы облыстық маңызы бар жолдардың бөліктері. Қар құрсауынан 52 адам құтқарылса, оның 10-ы бала. Тазартылған бөліктерден 35-тен астам көлік тіркеуге алынып, сүйреліп қауіпсіз жерлерге шығарылды. Шұғыл әркеттердің арқасында зардап шеккендер мен қаза болғандар болған жоқ.

Есіл ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде 1 адам табылды. 16 қаңтар күні осы ауданда тұрып қалған көліктен жаяу шығып кетіп, адасқан 3 адам табылып, жедел жәрдемге жеткізіліп, тексерілгеннен кейін қауіпсіз көліктерге отырғызылды. Жалпы, сол уақытта, қаңтар айының басында  республикалық жол бойында 261 адам құтқарылып, арнайы жылыту орындарына жеткізілді. Ондай 368 жылыту орындары жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, 195 тамақтану орындары ұйымдастырылған. Аршалы, Бұланды, Жақсы аудандарына жататын жолдар бойында 3 медициналық-құтқару, шұғыл көмек көрсету пункттері жұмыс істейді. 96 көліктен тұрған екі автоколоннаны арнайы көліктер бастап жүріп, діттеген жерге жеткізген.

Ақмола облысы көлемінде 17 ауданның 125 елді мекені су басу қаупі бар мекендерге жатады. Ол жерлерде 13 мыңнан астам адам тұрады. 33,9 шақырым тас жол, 1,03 шақырым темір жол қауіпті аймаққа кіреді.

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша ақпан айы жылы болмақ. Қардың түсуі нормадан аспайды деп күтілуде. Есіл, Жабай, Қалқұтан, Мойылды, Шағалалы өзендеріне түсер қар көлемі де нормадан сәл азырақ болатындықтан, олардан келер қауіп болмайды деп болжануда. Дегенмен, табиғат әртүрлі тосын мінез көрсетуі мүмкін. Сондықтан, төтенше жағдайлар басқармасы жоспарлы жұмыстарын босаңсытпақ емес.

Қанат Доспаев журналистердің Атбасар қаласы маңайындағы дамбалар беріктігі, бұдан бұрынғы жылдардағы зардап шеккен тұрғындардың жаңа пәтерлерге көшірілуі туралы сұрап білді.

Көкшетау қаласындағы автовокзал маңында Қылшақты өзенін қамыс басып тұрғандығы, сол тұста өткен жылдары өзен суының арнасынан асып, қалаға жайылғандығы көлденең тартылған сұраққа ол:

–Ол маңда өзен арнасының тазаланбағанын, оның су келген кезде қауіп әкелуі мүмкін екенін білеміз. Сондықтан, қалалық әкімшілікке бұл жағдайды айттық. Қылшақты өзенінің қауіпті тұстары дер кезінде тазаланады деп ойлаймын, – деп жауап берді.

Серік САПАРҰЛЫ,
 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар