Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз хатшысының мәліметінше, Павлодар облысының Ақсу қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының аймақтық біріншілігі аяқталды.
Ақмола облысының намысын Целиноград ауданы мен Атбасар, Щучинск, Степногорск, Көкшетау қалаларының спортшылары қорғады.
Оның ішінде 56 келі салмақ дәрежесінде Ерболат Сәдуов чемпион атанса, 54 келі салмақта Амангелді Дархан екінші орын алды. Ал Ермұхамбет Ислам (48 кг), Сергей Жуков (58 кг), Жұмаш Уәлихан (63 кг) және Тұрсын Әмірхан (80 кг) қола жүлдені місе тұтты.